Есімде қалған 8- наурызым

Есімде қалған 8- наурызым
жеке
блог

Мен үшін 8- наурыз тек мейрам ғана емес, апамның да туған күні :). 

Негізі мерекенің барлық қызығы мектепте оқып жүргенде сияқты ғой... Сондай біраз қызықтарыммен бөлісейін. 

Менің Медет деген сыныптасым бар, өзі бір жүрегі ашық жігіт болатын. Сол мен 9-

 сыныпта олардың сыныптарына ауысып келгенде маған ғашық болып жүрді, бірақ екеуміз бір елміз. Өзімше оған қарамай өзімше болам, содан ол маған 8- наурыз күні маған ерекше сый жасады, бірақ мен оны қабылдамадым. Әлі өкінем, қолынан пластмассадан алтын балық жасапты ішінде сақинасы бар болатын деп кейін айтты ғой. Оны ол 1 апта жасаған екен, а мен өзімше болып алмағам. 

Кейін 10- сыныпқа барған кезде кластың ұлдарымен ренжісіп қалдық. Олар бізге 23- ақпанда ештеме бермеді деп ренжіп қалған ғой, ал 7- мамыр деп жүргеміз. Содан барлық қыздар болып оларға сөйлемей қойдық. Содан 8- наурыздың кеші болды, балдар бізді әлі құттықтамады, өкпеміз қара қазан. Қыздармен звондап сөйлесіп қоямыз :) дым жоқ дейді. Содан сағат түнгі 10 да папам "сені шақырып жатыр" дейді. Шықсам Медет досым тұр. Қолында пластмасса күлгін гүлімен. Біздің жақта тірі гүл сатылмайды және ол кезде пластмасса гүлдер сәнде еді. Қатты қуандым, басқа қыздардан артық қойып мені құттықтап келгеніне :). Ертесі қыздарға балдар құттықтамады деп ренжіп қойдым олармен қосылып, а то бәрі Медет жабылып кететінін білем ғой.

Ал кейін  11- сыныпта вечерге бардық, әр кеш өзінше қызықты еді.

 

Кейін алғаш жұмыс істей бастаған кезде "Недра" деген компания ерекше сый жасады бәрімізге. Жұмысқа келсек бәріміздің столымызда роза гүлі тұр, одан бәріміз жиналғасын "Stetson" демалыс орына алып кетті бәрімізді. Келсек стол жасап, әр қайсымыздың тарелкамызға тілек жазып, "карточкалырыңызға 50 000 премия түсіріп қойдық" деп жазып қойыпты. Қыздар бәріміз қатты риза болдық.

Есімде қалған ерекше 8- наурыз осылар екен. Көбіне 8- наурызды апамның үйінде өткіземіз. Жақсы естеліктерді еске түсіру үшін мүмкіндік берген Гүлжан Серікке көп рахмет! Кезекті Мейіргүлге беріп, біраз романтикаға көмілгім келеді. 

Өз кезегімде барлық МАССАГЕТТІК АРУЛАРДЫ мерекелерімен құттықтаймын! Көктемдей құлпырып жүре беріңіздер!!!