Есілдің Жангүлі, жолың ашық болсын

Есілдің Жангүлі, жолың ашық болсын
жеке
блог

Сәлем, достар! Құрметті, массагеттіктер! Талайды тамсандырған блогтарың өте керекмет! Алда талай кеңестеріңізді оқимын деген сенімдемін. Мен өзімнің байқаудағы құрбыма сәттілік тілеймін. Жангүлім жолың ашық, ақ болсын. Тік мінезділіктен, қаз қалпыңнан тайма. Сенің жеңісің біздің жеңісіміз. Тек алға Жұлдыздықтар, Жас Ұландықтар, Жас Отандықтар, Жастар саясатының белсенділері. Сіздерге Жангүлмен өткен қызық бір әңгімені айтып берейін. Звездный атты лагерде өткен облыстық мүшайраға қатысқанбыз. Көкшетауға жеткенше әділ қазыда отырған бір ағаймен бардық. Мен орын алмаған болатынмын. Ал Жангүл 3-ші орын алған болатын. Бірақ Жангүлдің өлеңдеріне бәрі таңғалған. Қателеспесем 7 сынып кезіміз. Жатқа айту керек болған. Әділ қазыда отырған ағай неге мыналар жатқа айтып жатыр деп әңгіме айтты.  Сол кезде Жангүл -Ақындар өз өлеңдерін жаттамайды! деп айтқан болатын. Ал ағай қызарып ұялып кетті. Оның өлеңдері бәрінен керемет болғанымен, жатқа айтқанда шатастырып алған болатын.  Шыныменде, ақындар өз өлеңдерін жаттамайды! Биыл, Ұлы ОТан соғысының 70 жылдығына Халықаралық оркестрлермен патриоттар форумы барысында сол ағаймен Жангүлді көріп қалдым, сөйтсем әділ қазыда отырған ағай Ресейден келген қонақтарға алғыс хат тапсыруға келсе, құрбым амандасып тұр екен. Өзінен әңгіме барысында сұрасам таңғалыста болды.  

-Ол ағай мені танымай қалды, артынан ақындар өз өлеңдерін жаттамайды деп айттым. БЕТІНЕ күлкі үйірілді де мені құшақтап алды. Өсіп өзгеріп кеткенмін ау шамасы де күле жөнелді. Алға, Жангүл! Періштелер серік болсын.