Есіктің кілті – жүректің кілті...

Тақылдап келе жатқан аяқтың дауысын ара-тұра мұрынның пышылы бұзады. Кешкі сағат он бірге дейін үлгеру керек деген жатақxана ережесі жылдам жүргізіп келеді. Оның үстіне күн де суық. "жер неткен тайғақ еді, құлаған адам оңбайды-ау"-деп ойлай бергенімде өзім де ұзыннан сұлап түстім. Шамасы қатты құлаған болуым керек, белім мен арқам ауырыңқырап қалды. Алайда, сықылықтаған қыздардың күлкісі біртүрлі ұялтып жіберді ме, ұшып тұрып, жүрісімді үдеттім.Асыға басып жатақxанаға да кірдім. Екі бетім мен мұрным ауа температурасы бірден өзгергенге ысып кетті. Тепшектен көтеріліп бөлмеме қарай беттедім. Жол жөнекей қыздардың xалін біліп өтіп қолымды қалтама сала бергенде кілтімнің жоқ екенін аңғардым. Сөмкемде шығар деген үмітпен әп сәтте оны төңкеріп салдым. Кілт жоқ. Көңіл-күйімде түсіп кетті. Қайда, кімге барарымды білмей даурып тұрғанда құлаған жерімде түсіп қалған болу керек деп ойлап сонда бармақ едім дала тым қараңғы болып кетіпті. Қыз болған соң кешкілік уақытта көшеде жүреге біраз қорқынышты. Есікті қағып болғанымша өзіме таныс дауыс:

-да?!
-мен ғой, Ақбаян. Кіргуге рұқсат па?
есікті сол жігіттің жанында жататын басқа факультеттің баласы ашты. Өзінің жүзі жылы жігіт еді:
-ой, кел Ақбаян,-деп жымиды.
Мен аузым бұртиып кілтімді жол-жөнекей құлатып алғанымды айтып әлек болдым. Сәл кідіріп:
-жүрші менімен, барып келейікші,-деген едім, бетін бір қолымен сипап, есінеп алды да:
-қойшы, барғым келіп тұрған жоқ,қазір төменнен тауып берермін. Кішкене күте тұршы.
Бойымды бір түрлі сезім бойлады. Мен бұлай қырсықпаушы едім ғой дедім іштей. Сөйтіп бөлмеден шыға бергенде жанындағы бала бірден:
-Ақбаян, Ақбаян, тоқтай тұр, мен барып келемін- деді. Жанарымның жасы мөлт етіп пальтомнан сырғып түсті. Себебі, мен мұндай жауап күткен жоқ едім, курстасымнан. Асыға киініп, жан-жанғына қарамастан менің бөлмеме қарай беттеп барады. 
-мен мұндамын,-деп үн қаттым. Жайдары жүзбен күліп қойып:
-жүр кеттік. Мен сені әлі шықпаған шығар деп қалдым. Қайда құлап жүрсің?
Біз есіктен шыға бергенде уақыт он бірге таяп қалған болатын. Кезекші апайға түсіндіріп шығып кеттік. Жол бойы көңілде әңгіме айтып менің көңілімді алдаумен болды. Бұрқылдап жанында мен келемін. Екі көзіміз жерде, ауыз әңгімеден босамайды. Әлі жерге де жетіп қалдық, ешқандай кілт көрінбейді. Келген ізбен қайтып келеміз. Көңіл-күйім де жоқ. Жүзімнен көңілсіздік байқады ма, бірден:
-қалай болса да есігің ашылады, уайымдама,-деп күліп қояды. Ол да болса кеудеме үміт оралтып, жымитады.
-қааазір, төменнен барлық кілтті алып, тексеріп шығамыз.
-маған кілт бермейді...
-мен алып беремін.
-саған қалай береді?Сен де мен секілді емессің бе?!(даусымнан реніш сезілгендей болды)
-ты чёё?! Мен жоғарғы студенттер кеңесінің мүшесімін ғой, қорықпа!
-ааа, солай ма? Онда семен дос болатын екен,-деп аздап жымидым.
Сықыр-сықыр еткен кілттердің дауысы естіледі. Мойонез қауашағының бесеуін бірінің үстіне бірін кигіздіре ұстап келеді. Үмітім-бітуге таяған май шам секілді еді, өрби түсті. Секцияға орындық алып келіп:
-сен бұрқылдай бермей маған ән айтып берші!
Мен үнсіз отырдым да, дыбыстап тыныстап алып әндете кеттім. Бір-екі әннен кейін "тоқтай ғой" деген секілді кзбен қарады да:
-әнiн бұздың. Одан да анекдот айтып берші,-деген еді, менің жүзіме біраз қарап тұрып:
-жақсы, онда мен жұмбақ жасырайын,-деп, күбір-күбір тоқтаусыз бірнәрсе түсіндірумен болды. шаршағаным сонша орындықта отырып көзім ілініп барады. Шамамен, қырық минут өтті. Төрт қауашақ шетке қарай ысырылып тұр. Енді тек біреуі ғана қалған. Мұнда кілт тым көп еді:
-түүй, жақсы, қоя салшы. Қыздардың бөлнесіне барармын,-дей бергенде сөзімді шорт кесіп, даусына реніш қосып:
-өй, сені күтуге ерініп отырсың ба?! Аз қалды ғой, табылады. Қалай болса да ашамын,-деп күліп жіберді. Көзім енді іліне берген сәтте "сырт" біоер секундтан соң тағы да "сырт" еткен дыбыс ұйқымды шайдай ашты. Қуанышым қойнымай симай, жанарыма жас үйірілді. Есіктің ашылғанынан бұрын мен осындай жүрегі кең адамдар бар екеніне қуанған болатынмын. Жанарымның жасы - аузын ашса жүрегі көрінетін керемет адамның тағы бір мейірімділігінде еді.



Бөлісу: