Ескірмейтін бояннндар (Қалалар)
блог
Негізі әр заманда да адамдар айта-айта жалықпайтын немесе чертовский жалықтыратын нәрселер бар. Оны интернет жұртшылығы "бояннндар" деп атайды:) Әбден естіліп, барлығы білсе де жаңалық қылып айтатын біреулер табылып жатады. Кейде біліп тұрсаң да, жаңадан естіп жатқандай "Ооох, сұмдық болған екен" деп сценарий бойынша таң қалып қаласың:) Бүгін қалалар туралы ескірмейтін бояннндардың бірқатарын айтып өтейін:)
Астана:
- Мәә, Мура! Братан Астанада істеп жатыр ғой. Енд, ыстрашный суық екен. Датаво, адамдар суыққа шыдай алмай қабаттап тон киіп алады екен. Жергілікті адамдары болса қыста тоңып қалмау үшін сала жеп жүреді екен.
- Дааа нуууу на*! Құдай сақтасын, бармаймын Астанаға:)
*---------------------------------------------------------*
- Мәә, Мура! Білмейсің ғо. Астанада Ақордадан бастап Назарбаевтың үйіне дейін жер асты жолы бар екен.
- Дааа нуууу на*! Келесі келетін Президентке айтатын шығар, иә?
*---------------------------------------------------------*
- Мәә, Мура! Астанада Чимкентскилер өте көп екен. Братандармен стройкада істеп жатыр ғо! Бригадасының почти барлығы Шымкеттен барғандар екен. Көшеде жүрсең мәшинелердің номерінің жартысынан көбісі X-пен жүреді.
- Даа нууу на*! Барсақ күтівалатындар бар дещ!
*---------------------------------------------------------*
- Мәә, Мура! Бәрі "Астана, Астана" дей беред. Братан айтад та, шындап келгенде әшейін "леби берег" қана әдемі екен. "праби берег" кәдімгі ауыл сияқты дейді. Әшейін телебизірден әдемі жерлерін көрсете береді екен ғо!
- Даа нууу на*! Қыздары да онша емес дейді ғой.
*---------------------------------------------------------*
- Мәә, Мура! Братан Астанада ғой. Астананың қызымен жүріп жүр ғой. Дым қазақша білмейді екен. Орыстанып кеткен дейді.
- Даа нууу на*! Бәсе! Өткенде агентіме Астанада тұратын Айым деген қызды қосып алғам ғой. Қазақша жазсам жауап бермейд та!
*---------------------------------------------------------*
- Мәә, Мура! Сен білмейсің ғо...
- Даа нууу на* ...!
***************************************************************
Алматы:
- Еее, Сико! Алмат(ы)та баратын жеріңді көшенің қиылысымен жаттау керек екен. Біздегідей бір жерді айта салсаң апармайды екен.
- Даа нуу на*! Сонда бәрін жаттап жүру керек па не? Қайсыбірін жаттап жүресің оның? Нириалні ғо!
*---------------------------------------------------------*
- Еее, Сико! Алмат(ы)тағы Сайранды Талдықорғанның балдары "крышавать" етеді екен.
- Даа нууу на*! Алдын Талдықорғанның балдары болатын. Каз біздің братанның жолдас балдары
*---------------------------------------------------------*
- Еее, Сико! Алматының қыздары кәдімгідей "паравоз" екен. Көшеде темекі шегіп тұра беред дейд.
- Даа нууу на*! Алматының қыздарына жолама десей иә?
*---------------------------------------------------------*
- Еее, Сико! Алматыда қыз үшін қалыңмал сұрамайды екен. "Главни екі жас бақытты болса болды" дейді екен.
- Даа нууу на*! Знашт Алматыдан қыз алу керек десей иә?
*---------------------------------------------------------*
- Еее, Сико! Еу, ұйықтап жатсың ба?
- Даа нууу на* ...!
- Тоқтащ на*, әлі ешнәрсе айтпадым ғо ...!
************************************************************
Шымкент:
- Иоо, Макс! Шымкентте даже қыста күн ыстыыық боп тұрады екен. Жазда адамдар үйлерінен шыға алмай жатады екен.
- Даа нууу на*! Шынымен ба? Онда адамдар қалай өмір сүреді екен?
*---------------------------------------------------------*
- Иоо, Макс! Шымкентте кәдімгідей бесспредел! Күнде атыс, адамдарды көшеде өлтіріп кете береді екен. Түнде жүрсең тыр-жалаңаш қылып кетеді. Жүргізушілер пешеход дегенді білмейді. Пешеход түгілі светофордан қызылға өтіп кете береді екен.
- Даа нууу на*! Біздің де сестра Шымкентке тұрмысқа шыққан ғой. Енесі таңертеңнен тұрғызып аула сыпыртқызады екен.
*---------------------------------------------------------*
- Иоо, Макс! Парақорлық қаптап кеткен. Кез-келген нәрсені ақшамен шешеді. Правалар тиын тұрады. Шымкенттен келген жігіттер 28000 теңгеге BC жасаттық деп жатыр.
- Даа нууу на*! Реально, Шымкенттен келгендердің көбі қалада дұрыстап айдай алмайды. Барлығы сатып алған.
*---------------------------------------------------------*
- Иоо, Макс! Білмейсің ғой! Шымкентте даже орыстар қазақша сөйлейді екен.
- Дәә нүүү нә*!
*---------------------------------------------------------*
- Иоо, Макс! Шымкенттің жартысы өзбектер екен. Адамдардың көбісінің мінезі өзбектерге ұқсап кеткен қу болады екен.
- Да ну на*? Я меня мама узбечка! и что?
*---------------------------------------------------------*
- Иоо, Макс! Шымкентте барлық заттар арзан екен.
- Даа нуу на*! Рахат десей иә? Бірақ менің білуімше айлық та аз ғой!
*---------------------------------------------------------*
- Иоо, Макс! Мейіргүл Шымкенттен дейді! Сол рас па?
- Даа нуу на*! Ол пока Шымкенттен емес. Но, скоро Шымкенттен болады:)
*************************************************************
Айтарларыңыз болса қоса отырыңыздар, быраттар:)