Ескерткіштер - елдігімнің белгісі
блог
Ескерткіштер- елдігімнің белгісі
Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні 1984 жылдан бастап жыл сайын 18 сәуір күні атап өтіледі. Мерекенің басты мақсаты – тарихи ескерткіштерді сақтау және мәдени мұраны қорғау мәселелеріне қоғамның назарын аудару.
Ескерткіштер – ел тарихы немесе тарихи-мәдени мұра халық тарихының аса маңызды айғағы, адамзаттық өркениеттің құрамдас бөлігі ретінде барлық қауіп-қатерден тұрақты түрде қорғап отыруды талап етеді. Осы бағыттағы халықаралық актілердің арасынан 1954 жылғы «Қарулы қақтығыс кезінде мәдени мұраларды қорғау туралы», 1972 жылы ЮНЕСКО-ның «Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраны қорғау туралы», 1979 жылғы «Мәдени мұраларды заңсыз тасымалдау және оларға деген меншік құқығын беруге тыйым салу шаралары туралы», 1988 жылғы Кеңес Одағының «Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраны қорғау туралы» конвенцияларын атауға болады.
Ж.Бәрібаев атындағы орта мектебі де секерткіштерді қорғау күніне 5-18 сәуір аралығында арнайы жоспар құрып, іс-шаралар өткізуді бастап кетті. Ауыл аймағында орналасқан ескерткіштердің аумағын тазалау, сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Мектеп кітапханашысы Э.Оразова ескерткіштер туралы арнайы көрме ұйымдастырып, оқушылардың білім көкжиегін кеңейтті. 1-11 сынып жетекшілері «Жер шежіресі –ел шежіресі» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді. 5-6 сынып оқушылары Ұшқоңыр ауылындағы «Атамекен» тарихи-мәдени экскурсияға барып, туған өлкеміздің мәдениеті мен тарихын терең ұғынды.
Тарихи- мәдени ескерткіштерді қорғап, сақтауға үлес қосуға және келешек ұрпаққа аманат етіп қалдыру – біздің әрқайсысымыздың азаматтық борышымыз. Сізді де осы шараға ат салысуға шақырамын.
Ж.Бәрібаев атындағы орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Қараева Айдана