Ескерткіш үшін ескертем
жеке
блог
блог
Балалық шақты ұрлаған - компьютер
Менің отбасым көпбалалы отбасы. Бес ұл, бір қыз. Кішкентай кезімдегі лақап атым " еркекшора" еді. Ағаларым қайда болса, мен сол жерде болам. Олар доп қуса, қара терге түсіп менде доп қуам. Ертпесе жылайтынмын. Әрі үйдегі бастыққа (әкеме) "шағым айтам" деп қорқытатынмын. Үйдің жалғыз қызы болғандықтан, бастық мені әркез жақтайтын. Көйлек кимейтінмін. Келген қонақтарға " Мен- ұлмын, қыз емеспін" дейтінмін. Бірде үлкен ағам жанындағы достарынан ұялып, ойыншық мылтықпен атысып ойнап жатқан жерімнен жетектеп үйге әкелді. "Сен қызсың, үй тазалау сенің-міндеттің..." деп маған ақыл айтты. Мен көнбей ауылдың бұзық балаларымен одан сайын ерегесіп ойнап, олармен төбелесіп, бірде жеңілсем, бірде жеңетінмін. Талай балапанды өз қолыммен өлтірген қатігез әрі бұзық болдым. Бала ойнау арқылы ержетеді. Мені өзгерткен жағдай көрші қыздардың қылығы. Өсе келе солармен араласа бастадым. Басында қызбен ойнаған қызықсыз еді. Ойнай келе олармен үйреністім. Көйлек кидім. Шашымды да өсірдім. Қазір ойлаймын, егер сол қыздармен араласпасам әлі еркекшора қалыпта қалар медім? Сол күндер недеген тәтті кезең... Сағынышпен еске алар оқиғалар...
Қазір балалардың достары компьютер немесе ұялы телефон. Қай үйге барсаң болды ұялытелефонмен немесе компьютермен жағаласып отыратын бала көресін, саны шектеусіз. Туа салсымен компьютерді балаға зиян екенін білсекте үйрете саласамыз. Әйтеуір, жыламаса болды дегендей. Мен батпақпен ойнасам, бұлар техникадан жасалған ойыншықпен ойнап жүр. Сонда да тағы да ескертем, "XXІ ғасырдың иесі" екенбіз деп техникалық ойыншықтарды сатып алудың қажеті жоқ. Керісінше, ойыншыққа кеткен шығынға бала ойнатын алаң салыңыз. Көпке шыдайды, әрі күн астында, таза ауада ойнаған баланың денсаулығы жаман болмайтыны анық. Кейбір балалар ойнайтын жер таппайды. Әсіресе, қаладағы балалар. Себебі, жолкөліктер көп жүреді әрі көпқабатты үйлер салынып, ойнатын жер жоқ.
Мына масқараны өз көзіммен көрген едім. Ойнайтын жер болмағандықтан, Талдықоған қаласының шетіндегі Қабанбай батырға арналған ескерткіш үстін сырғанайтын төбешікке айналдырып алған балаларға не дейсіз?!
Ескерткіш – ұлы адамдардың,атақты жазушылардың белгілі қайраткерлерді және естен кетпес елеулі тарихи оқиғаларды есте қалдыру үшін жасалатын мүсіндік туынды. Ескерткіш сонда не үшін салынады? Балаларға арналаған сырғанайтын төбешік үшін бе,әлде өткенді ұмытпас үшін бе? Бірақ, сырғанаған балаларға кінә арта алмайсыз. Әрине ,ойнағысы келген бала өзіне ыңғайлы жер іздейді де.Бұл қылықтары- еріксіз жасалған әрекет. Иә,балалар ойнатын жер бар ... Санаулы ғана және кейбіреуі ақылы. Орталық саябақтағы және city plus ойындарының ең арзан бағасы шамамен-150. Оның өзінен де әсер алмайсың. 5 секундық ойын ғана. Ондай ақшағада да жете алмай жүргендердің баласы жоқ па не?
Сөз соңында айтарым, бала ол бала жаңадан өмірді енді ғана көре келе жатқан болшақ ұрпақ.Бала кішкентайынан не көріп өссе соған бейім болады. Ойнайтын бала бар,ойнайтын алаң жоқ! Бақытты балалық шақтын иесі компьютер емес естен шығармайық!