Желтоқсан айы болса қардың иісі сезілетін емес. Қарды сағынсамда, мейлі қар жаумасыншы деп тілеудемін. Анашым ауыруынан айығып, жазылп мені алдыңғыдай еркелеп, шашымды иіскеп сары қызым десе ғой деп армандаудамын. Желтоқсан айы деймін ау бірақ , бірақ көктемнін күніндей, күн күркіреп жаңбырдың иісі сезілгендей болады. Сағат мілі 13. 00де тұр, мектепке кетейін деп киініп аяқ киімімді асыға киіп шығып бара жатырмын. Кенет...
Кенеттен жүрегім бірдеңені сезгендей кілт тоқтай қалдым. Анашым..
Анашым артымнан мұңая қарап отыр. Өзі əлсіз жаны қиналып тыныс алуда, ауырып жатқанына бір жылға жуық болып жата жата мезі болғандықтан ба, жауынға да қарамай, өзінің қалауымен сыртқа паналау жерге отырған болатын.
Анашым деп жүгіріп барып құшақтап алдым да ; Анашым мен келгенше жазылыңызшы- деп бетінен сүйіп, мектепке кеттім.