Ескі үйім-естеліктерім...

Ескі үйім-естеліктерім...
жеке
блог

02.04.2017ж

Бүгін кенеттен далаға шықсам, балалығымның бар кезеңі өткен "Ескі үйімді" адамдар бұзып жатқанын көріп қалдым... Жүрегім ауырып, ұзақ жыладым... Сағынышым, естеліктерім, өмірімнің жартысы өткен үйім көз алдымда құлап жатты... Сол сәтте көмейіме тығылған өксік, мұң мен шер өлең болып санама орала берді. Әр шегесін жұлғандағы шиқылдаған дыбыстар, "Мені жұлғызбашы!"-деп тұрғандай болып,  құдды бір жанымның жартысын жұлып жатқандай күй кештім, әлі де сондай күйдемін...

Қатесі көп болса да, қатты сөкпеңіздер ))) 

Ескі үйім-естеліктерім,

Жанымды жадыратады,

Есіме түскенде жиі,

Сағыныш жаулап алады.

 

Балалық бал дәуренім ғой,

Өткізген талай қызық,

Қираған үйінділер ғой,

Қалмаған бірде-бір қазық.

 

Ескі үйім-естеліктерім,

Самсаған санамда мына,

Түсіме кіресің жиі,

Болғандай дәл қазір ғана.

 

Тәтті өмір болған екен ғой,

Тар  үйім өзіңде әр кез,

Жаныма жылу сыйлаған,

Ескі пеш, ескі үйім екен ғой...

 

Ойсырап орының қалған,

Ескінің жұрнағы қалмай,

Жан ағам қолымен салған

Қирапты гараж бен сарай.

 

Ауласы кең еді шіркін,

Ойнайтын құмарым қанбай,

Қош болшы ыстық мекенім,

Өзіңді сағынам талай.......