Ескі мұң, ескі қайғы, ескі уақыт...
блог
Тағыда түн...
Тағыда бауыздады жүрегімді,
Үмітім дарға асты тілегімді.
Сен қайдасың жігітім жұмбақталған,
Жалғыздық кісендеді білегімді.
Өзіңді ойлай берем неге, неге?
Ойларымнан көктем гүлі көгереме?
Ойланғанан түк шықпасын білсем дағы,
Сандаламын сағым ойға неменеге?
Осы әдетті бойымнан тастамадым,
Жастығымды сағынышпен жастанамын.
Сен барында бұл әлем ерек еді,
Сен барында мен мүлде басқа адаммын.
Күндерім - ай жыландай бұраңдаған,
Сен келеді дегенге күмәнданам.
Анда - санда естіп ап дауысыңды,
Артынан өксіп - өксіп жылап алам.
Бір тілекті айт десе көктен бүгін,
Оралсыншы дер едім өткен күнім.
Сеніменен табыстырған күздер емес,
Сені мүлде танымайтын көктем күнім.
Сезімім шарап ішкен, шала маспа?
Сағынышым құшақсыз жалаңашпа?!
Уақытым бәрін салдым құзырыңа,
Бірақта "БІР ҮМІТТІ" ала қашпа.
Жазып жатқан жоқпын ғой бүгін жайлы,
Мына жаным неге сонша ыңылдайды.
Ескі мұң, ескі қайғы, ескі уақыт,
Ескілікпен жүрегім жылынбайды...