Ескі жылға есеп
блог
Жаңа жыл ентелеп, қатты жылдамдығымен жетіп те қалды. Сондықтан ескі жыл дей берейінші :)
Биыл "Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек" дегенге қарама-қайшы жыл болды. Қоян жылы бар болмысым сол жануардыкіне ұқсап кеткендей...Әлсіз болдым, уақытым босқа өткен сияқты...
Жылдың ең үздік сайты: Он.кз және КерекИнфо
Жылдың жаңалығы: Блогосфераға келуім
Жылдың ең үздік афоризмі: Мені бір ит қапты екен деп, қапқан иттен өш алсам, мен де ит болғаным ғой (Абай)
Жылдың ең әсерлі киносы: Туман (Ресей). 2010 жылы жарыққа шыққан бұл фильмді көру бақыты биылға бұйырыпты.
Жылдың үздік спорт түрі: суға жүзу
Жылдың "жолы": Спорттық стильде киініп, Кира Пластининаның сумкасын асынып, спорт кешеніне зулайтын "қиылыстар".
Жыл қойылымы: "Үйлену" (Еркін Жуасбек)
Жыл эфирі: Таңғы сағат 5-те тұрып түсірілім алаңында алғаш бақ сынағаным. (Бейнероликке)
Жылдың ең қарбалас "покупкасы": Съемкаға арнайы талапқа сай киім таңдауым.
Жылдың ең үздік еркелету сөзі: "Балақай!" және "Дура/Дурочка моя"
Жылдың керемет сыйлығы: радиодан алынған сыйлықтардың барлығы
Жылдағы ең өтімді "намёк": "Қызылордада 8 облыс бар..."деп басталатын әжемнің болашақ жарыма қатысты әңгімесі.
Жылдың ең үздік орны: "Избушка" (кафе)
Жылдың ең дәмді тағамы: Французша ет
Жылдың ең үздік сусыны: Кофе 3 в 1
Жылдың ең керемет айы мен тәтті күндері: Әжемнің жанымда екі ай бірге болғаны, ыстық құшағы...(Сонау Қызылордадан денсаулығы жарамаса да, келгенінің өзі бір қуаныш)
Жылдың ұнамды мезгілі: Күз
Жылдың ең үздік газеті: Абыз
Жылдың коллекциясы: "Из рук в руки" газетінің подшивкасы(((( (сырттан келген біреу дәл осындай сипаттама берері хақ :)
Жылдың орындалмаған арманы: Отбасымызбен саяхатқа шығу, Қазақстанның керемет жерлерін бірге тамашалау.
Жылдың дерті: "Тәуелділіктер"
Жылдың жеңісі: "Сезім" ауруынан айығуым
Жылдың ұнамды күлкісі: Бұқақақақа :)
Жылдың қорқынышы: көлікке отырғанда
Жылдың минусы: білім базасындағы ауыс-түйістер (жеке басымда)
Жылдың "жанайқайы": жігіттерге бағытталған мін/сын
Жыл жұмбағы: Мейіржан емес :)
Жылдың үздік әні: "Сезім азабы" (Самал тобы), "Жұбату әні" (И. Елубаева) және Bruno Mars "Grenade".
Жылдың ең күлкілі оқиғасы: Стажировкада жүргенде құрбым екеумізді шатастырған жігіт :)
Жылдың өкініші: Уақытты бағалай алмағаным... қолымды мезгілінен кеш сермейтінім...
Келесі жылдан күтерім көп. Армандар мен мақсаттар кезекке тұрып алғалы қашан, соларды біртіндеп жіберу міндетімде :)))