Ағылшын тілін әлі жетік меңгермедім.
Ағылшын тілінен берілген үй тапсырмасын орындай алмаймын.
Ережелерді түсінгеніммен, сөйлеу кезінде ойымды жеткізе алмаймын.
Бұрын жақсы білетінмін, қазір біраз нәрсені ұмытып қалдым.
Ағылшын тілін үйрену қиын сияқты.
Әріптерді білемін, бірақ оқи алмаймын.
Сізде де осы сияқты қиындықтар бар ма? Ештеңе етпейді.
Біріншіден, шет тілі тұрмақ ана тілін дұрыс білмейтіндер бар. Ана тілін біле тұра оны бұрмалайтындар бар. Әйтеуір, сіз ондайлардың қатарынан емес шығарсыз.
Екіншіден, шет тілінен шебер болмасаңыз да, сіз басқалардан артық істейтін бір нәрсе бар екені сөзсіз.
Үшіншіден, ''Ештеңе етпейді. Мен сізге көмектесемін.''- дейтін мамандар, оқу құралдары мен ақпарат көздері өте көп. Ыңғайлысын, тиімдісін, ұнағанын, сапалысын, қызықтысын, арзанын, қымбатын не тегінін таңдап ағылшын тіліне байланысты мәселені шешуге болады.
Осы жазбада мына сөйлемдердің қайсысының қазақшасын кездестірдіңіз:
a) No problem. I can help you.
b) Nothing special. It isn’t much help.
c) It’s easy. Help yourself.
P.S. Сіздер асықпай тапсырма орындап, ағылшын тіліне қатысты сұрақ, ұсыныс, пікірлеріңізді дайындай беріңіздер. Ал ағылшын тілі туралы аз да болса мағлұмат беретін менің жазбаларым біраз уақытқа үзіліс жариялайды.
Bye-bye)