Есектің артын жусаң да мал тап
блог
Қазіргі заманда жұмыс таңдауға болмайды. Жұмыстың үлкен-кішісі жоқ. Үйде екі аяғын көтеріп қойып, теледидардың алдында езіліп, мыжылып жата беретін еркектерді ер емес ез дер едім. "Жұмыс жоқ" деген сылтау "Жұмысқа деген ынтам жоқпен" түсіндіріледі. Базарда тәшкі итерсең де наныңды таба аласың. Талай адамдар сомен ақ байып, көтеріліп жатыр емес пе? "Ой охрана болғым келмейді"- күні бойы аяқтан тік тұрам ба, "грузчик болмаймын, беліме зиян", "дворник??? жындысың ба, ұят емес пе?". Яғни семьяңа еш пайдаң болмағаны, әйелінің әкелген жалақысына балаларыңмен ортақтасып киініп, ішіп жеп жату ұят емес пе екен. Ендеше депутаттармен хабарласып бір шендік орын сұраңыздар. Он екі мүшесі сау, тепсе темір үзетін еркектің осы қылықтарын мүгедек, қимылдан шектелген жандар көрсе іштері ашитын шығар. Әттең еркек болмадым. Күндіз түні жұмыс істер едім. Екі жұмыс істеуге де бармын. Бірақ әйел болған сон жұмыстан соң үйге келіп, үйдің тірлігіне кірісуім керек. Кезінде бір университетте ыдыс жуғыш болған ем. Басында ұялдым, кейіннен ойлана бастадым: неге ұялуым керек? кімнен ұялуым керек? мен адал жұмыстамын, көше кезіп арымды сатып жүрген жоқпын соншалықты жерге кіретіндей"-деп (Сол кезде әжеміздің "посудамойщица" дегенге тілі келмей, сұрағанға "Ой, біздің Айша помойка" дейтін еді)Бірлік бар жерде тірлік бар. Жұмыстан еркек адам шаршап келіп жатқан жақсы ғой. Ері осылай шаршағанда әйел адам бар ынтасымен оған шәй тамағын әзірлеп,алдында құрдай жорғалайтыны шын. Езіліп жатып шаршағаннан гөрі.
Жұмыстан қашаңдар, адал еңбектің нәсібі болады. Әйелдің тапқан ақшасынан гөрі, үйдің еркегінің тапқан тиынында береке бар.