Есекқырған (Юпитер) серігінен алып мұхит табылды
жеке
блог
блог
Астрономияны зерттеуші университеттер қауымдастығының өкілі Хайди Хаммель ғалымдардың Юпитердің серігі - Ганимедтен 100 пайыздық дәлдікпен алып мұхитты тапқанын хабарлады.
Бұл жаңалықты ашуға себеп болған суреттер Hubble телескопымен түсірілген.
Табылған мұхит суының жалпы мөлшері Жер шарындағы судан сәл көптеу. Бірақ, 150 км тереңдікте, қатпар мұздың астында жатыр. Судың құрамы тұзды, бірақ жылы.
Әртүрлі жазбаларда Юпитердің әртүрлі серіктер саны келтіріледі. Ресми деректерде ғаламшардың он алты серігі бар деп жиі жазылады. Юпитердің Галилей тапқан ең танымал төрт серігі бар.
- Ганимед - Күн жүйесіндегі ең ірі серік. Ол тіпті кейбір ғаламшарлар, атап айтқанда, Меркурий мен Плутоннан да ірі.
- Ио - Юпитердің тамаша серігі. Күн жүйесінде геологиялық ең белсенді дене. Оның бетінде бір уақытта жиырмаға тарта жанартаулар атқылап, балқыған күкірт өзендері а,ып жатады.
- Еуропа - тауы жоқ мұзды әлем, Соңғы мәліметтерге сүйенсек, мұздың астында жүз км тереңдікте су пайда болуы мүмкін. Ал онда, өз кезегінде біржасушалы балдырлар өмір сүруі мүмкін.
- Каллисто - ең күңгірт әрі мұзды серік. Күн жүйесінде кратерлері ең көп дене. Ғаламшар бетінде өте терең шұңқыр бар, ол планетаның төрт миллиард жыл бұрын астероидпен соғысқандыған айтады. Оны алғаш Галилео Галилейбайқаған Галилей серіктерінің бірі болып, ірі серік ретінде Меркурийдің үлкендігіндей көлемге ие.