Есек пен Құдық

Бір күні фермердің есегі құдыққа құлап түседі. Адамдарды көмекке шақырған есектің жан дауысы шығады. Фермер жүгіріп келіп, «оны бұл жерден қалай шығарамын?» деп амалсыздықтан қолын жаяды. Сол кезде есектің қожайыны былайша ойға шомады: «Есегім кәрі. Оның өмірі санаулы. Мен бәрібір жаңа есек сатып алуға бел будым. Ал құдық болса – түгелдей кеуіп қалуға жақын. Менің бұрыннан оны көміп тастап және басқа жерден жаңа құдық қазғым келіп жүрген. Сонымен мұны қазір неге жасамасқа? Сол арқылы шіріген иістен де құтылу үшін есекті көміп тастаймын.».

Ол құдықты көмуге өзінің барлық көршілерін шақырады. Бір қолдап, күрекке жармасып және құдыққа топырақ тастауға құлшына кірісті. Есек істің қайда бет алып бара жатқанын бірден түсінді және қатты оқыранып, айғайға басты.

Кенет, жұрттың таңданысына орай, үнсіз қалды. Бірнеше рет топырақ тасталған соң, фермер төменде не болып жатқанын қарауды ұйғарды.

Ол сол жерден көргеніне өзі таң қалды. Есек үстіне түскен әрбір топырақты сілкіп, аяғымен таптап жатыр екен. Көп кешікпей, жұрттың таңданысына қарамастан, есек жоғарыдан көрініп және құдықтан секіріп шықты!

... Өмірде сізге әр түрлі көптеген лас нәрсе кездесетін болады және де өмір сізге жаңадан басқа түрлі сынақ жолдайды. Әрбір кезде, үстіңе топырақ түссе, оны сілкіп, кағып тастап және жоғары көтеріл, тек сонда ғана сен құдықтан шыға аласың.

Туындаған проблеманың әрқайсысы – бұл бұлаққа өтер жолдағы тас сияқты. Егер тоқтамасаң және берілмесең, онда сенің ең терең құдықтан, шыңыраудан шығуыңа болады.

Үстіңді сілкіп қақ та және жоғары көтеріл. Бақытты болу үшін бес қарапайым ережені есіңде ұста:

1. Өз жүрегіңді өшпенділіктен арылт – кешірім ет.

2. Өз жүрегіңді толқудан арылт – олардың көбісі жүзеге аспайды.

3. Қарапайым өмір сүр және қолдағы барды бағала.

4. Қолың ашық болсын, көбірек бер.

5. Азырақ күт, үміттен.              


P.S  Авторы мен емеспін. Жақсы жазба болған соң, бөліскенді жөн көрдім.                                                         

// o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "massaget.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e



Бөлісу: