ЕсАҒА «Жайдарман»-ға қарсы

      «Әнжұмбақ»-тың бүгінгі санында «Жайдарманның»  президенті Есен Елеукен  өзінің шәкірттері жайдарманшыларға қарсы ойын көрсетеді.

    ЕсАғаға қарсы  «Капитандар»  командасын Хамит, Мереке, Мейрамхан сияқты  жас буын өкілдері бастап келді.

    Ал ЕсАғаға көмекке Жәнібек Жанқарайев  пен бірге Қуаныш келді.

Жайдарманшылар көңілді әрі тартысты ойын көрсетті. «Ұстаздан шәкірт озады» демекші, «капитандар» командасы алғашқы айналымда  өз ұстаздарынан озып, басымдық танытты. Бірақ, Ес Аға аяғына дейін берілмеді.

      Шешуші айналымда дәстүрлі әнші Сәуле Жанпейісованың жасырған әнін

тауып, жеңімпаз атанған топты білгіңіз келсе,  «Қазақстан» ұлттық арнасында, сағат 15. 20-да «Әнжұмбақ» бағдарламасын көріңіздер. Эфирде кездескенше...



Бөлісу: