ЕС КЕТІРЕР ЕСІМДЕР

   Есім... . Дүниеге перзент келсе дүйім жұрт болып әдемі есім іздейтін әдетіміз бар қазақпыз. Өз дәстүрімізге әдет ғұрпымызға сай ерекшелігі мол, өзге ұлтта ұшырамайтын есімдеріміздің бары да рас. Десек те ата -  бабаларымыз нәрестенің дүниеге келген күніне байланысты да Наурызбай, Боранбай, Дауылбай, Сәуірхан, түз тағлысына  деген құрметпен Қасқырбай, Арыстан секілді де есімдерді дүниеге әкелген.         

   Сондай ақ біздің тарихымызда санулы тұлғалар ғана еге болған ерекше есімдерде жоқ емес. Атап айтсақ сонау IX ғасырда өмір сүрген Шөже, Көтібар, Шеге секілді есімдер. Тақырыптан ауытқымай сол ерекше есімдер жайында сөз қозғасақ.    

Хадиташ...        

   Ерекше есім - естілгенде елең еткізетін, сирек кездесетін кісі есімі. Көп несе сәбиге ат таңдауда эмоцияға берілген уақытта туындайды. Олай дейтініміздің де себебі бар. Қазақ жерінде тұңғыш рет 2011 жылы ұйымдастырылған Қысқы Азия ойындар уақытында елімізде туылған 40 нәресте Азияда есімін егелеген екен. Ерекшелігіне сөз жоқ, бірақта қазақ қызына осы есім қаншалықты жарасады, есімінің астары пәктік, тазалық, адалдық ұғымдарымен астарласып жатқан ұрпақтың жалғасы екендігімізді ескерсек, сұрай қалғанға қандай мағынасын ашып берер екенбіз. 

Тұрғанбаев Боқкөт Мыңбайұлы

  Дегенмен спорт бәсекелері өту уақытында қуаныштарында жек жоқ халықтың осындай атау беруі адамзат тарихында көптеп кездеседі.             Сол есімнің ең аты шулысы хәм бірегейі Олимпиада! Аты көрсетіп тұрғандай төрт күл әлемнің кіл дүлділдерін әр төрт жыл сайын бас қостырар ойындар атауы, мағынасы да ерекше. Грек тілінен тәржімаласақ «аспанды жырлау» немесе «құдайды жырлау» мағынасын береді.             Осы жылы Ресей статистика мамандары Сочи Олимпиадасы алдынан осы есімді егелеген ресей азаматтарының мониторингін жасапты. Мониторинг нәтижесі төмендегіше: «Олимпиада есімінің кең тараған екі ауданы белігілі болды: бірі Саратов облысы мен Челябинск облысы. Мұндай сирек кездесетін есімді көбіне жасы үлкен кісілер иеленгені де белгілі болды. Саратов облысында Олимпиада есімді 65 әйел адам өмір сүреді екен. Оның ең үлкенінің жасы 93 ке толса ал ең кішісінің жасы 7 жаста болып шықты. Оның ішінде Саратов қаласының өзінде 27,  Вольск қаласында 9, Балаковта 8 Олимпиада өмір сүріп жатыр екен. Ал 1980 жылғы Мәскеу олимпиадасы кезінде тек бір ғана қыздың бұл есімге ие болғаны белгілі болды. Ал Челябинск облысында Олимпиада есімді 124 апаның өмір сүріп жатқаны белгілі болды. Олардың 64 нде Олимпиада болса, 60 ның паспортында «Алимпиада» деп жазылған екен. Бұл апалардың бәріне грек құдайларының әсер болса керек, көбінің жасы 80 ді алқымдап қалыпты.  Олимпиада Блинованың жасы 95 ке келген. Ал оның Усть-Катавадағы аттасы Олимпиада Автиннің жасы 90 да, 1924 жылы Францияда өткен алғашқы қысқы олимпиада кезінде өмірге келген». 

Уатаев Нурсултан Казакстанович

  Спорт  жанкүйерлерінің қойған есімдері бұл ғана емес екен. Футбол басқа көптеген елдердегідей Қазақстанда да өте кеңінен тараған спорт түрі. Футбол десе қазақтың делебе қозып тұрады. Сондықтан болар, танымал футболшылардың құрметіне қойылған елімізде он үш Зидан, он үш Зинедин, он Диего, бес Марадонна, төрт Пеле, төрт Серхио, екі Лионель Месси, екі Роналдо және екі Икер бар екен. Ал, Өзбекстандық бір сәбиге кезінде Неймар есімі берілген еді.

Ерматов Миллионер

Осы орында өзбек ағайындардың да ерекше есімдеріне тоқтала кетсек. Аталмыш елдің Қашқадария облысында Миллионер есімді 23 жастағы азамат өмір сүреді. Сондай ақ осы облыстың Қамашы ауданында Ишани есімді қыз өсір келеді. Кезінде өзбек елінде танымалдылыққа ие болған үнді сериялының бас кейіпкерінің есімін ата –анасы сәбиіне қоюға батыл шешім қабылдаған. Сонымен бірге өзбек елінің түрлі ауылдарында Месси, Рональдо, Брюс Ли, Чингачгук, Марадона, Дэвид Бекхэм, Жумонг деген есімдерде бар.

Ишани

  Ал, әлемде осы есімді иеленген ең танымал тұлға Александр Македонскийдің анасы Олимпиада Эпирлік екен. Біз негізі сіздерді ерекше есімдермен таныстыру мақсатында болған едік. Десек те, түбінде балаға есім беруде жаңылыспаған, сол есім оның өмір бойы бой тұмары боларын білген, естілер құлаққа жағымды, мағынасы көрегендігімізді көрсетер қазақ екенімізді ескеріп осы есім қоюдың кейбір тұстарына да тоқтап кетуді жөн көрдік.  Ең өкініштісі, ата - аналарымыздың әр күні зарыға күтетін серилдарының салдарынан сол кино кейіпкерлері есімін өз ұл - қызына қоя салуы. Сондықтан да біз үшін жат есім болған Мелек, Шахризада, Эмирхан, Ясмин, Эсмиральда, Изабеллалар арамызда бүгінде көбейіп келеді. Ия, кім қалай есім қоямын десе де өз еркі. Ешкімге тосқауыл қою алмайсыз. Жазу түгі бір естігенде айтылуы да қиындау есімдер елімізде де бар екен. Ал онда таныс болыңыз:  Мухаматабдульахап, Әбілфайыз, Иринеюс, Константаймсейсар, Габриэль Юсеф, Дэмел, Ямила, Мұхамедсалин, Абдулалим, Алиар, Ляян, Шамир, Сивинна, Махсумя. Ерекше есім сирек кездесетін есімдер дегенбіз. Дегенмен, ерекше болса да көп кездесетін есімдерде баршылық. Радий, Антонио, Ливия, Талисман секілді кісі аттары елімізде жетерлік.  

Хуррамов Брюс Ли

   Бір ғана Үндістанның ұлттық қахарманы Индира Ганди құрметіне қойылған есім елімізде 10 000 нан асып жығылады екен. Ерекше есім арқалап ел ішінде жүрген жандар да бар. Соның бірі «Айтуға оңай» бағдарламасының продюссері Аргентина Жәнібек. Ұмытып барады екенмін, Саммитбек, Саммитхан, Саммит. Ия, жаңылыспадыңыз ОБСЕ нен елімізде өткен саммиті уақытында дүниеге келгендер ғой. Бұл есімде ерекше есімдер қатарында. Ұмытып есіңе бір мәлімет қайта түссе соңынан ұмытқандарыңды қайта еске ала бастайсың. Айтқандай бізде Дипломбекте бар екен ғой. Дипломбек Жахияұлы, әкесі жоғары оқу орнын бітіріп, дипломмен оралғанында туылған перзент. Ия, ерекше есім қояудан да қазақ артта қалмаған.

Жуманов Болат Миллионерович

   Елімізде тағы бір ерекше есім, аты жөнін құпия үстаған жанұяда тәрбиеленіп жатқан қыздардың бірінің есімі – Маржансұлуқұндыззада болса, екіншісі – Нұрайнагүлбақсайран екен.

   Танымал композитор Қалдыбек Құрманәлі де балаларына ерекше есім қоюда алдына жан салмады. Композитор ұлдарына Мұхтаршахан және Бекзатсаттархан деп ат қойыпты.

   Одан бөлек, экономикалық дағдарыс кезінде өмірге келген балалардың бірін Дағдарыс деп атаған. Ақ жайық басылымының жазуынша, 2012 жылы Маңғыстауда туған баланың есімі "Нью-Йорк" деп қойылыпты. …Нью-Йорк. Ия, дәл солай. Сонымен бірге елімізде Астана есімді 21 қыз өмір сүруде. Ал Алматы қаласында Атланта есімді қыз бала бар. Ал, Аргентина туралы жоғарыда тоқталып өттік. Мүмкін бұл тағдыр болар. Олардын бөлек елімізде Рим, Мекке-Мәдина және Қазақстан есімді сәбилер бар.

   Ерекше есім қоюдан Қарағанды қаласы көш басында тұр. Олардың көшін “Клементина” есімі бастап тұр. Тек ертегіде кездесетін Василина есімін де қарағандылықтар қойы үлгерген. Ярославна дегенде бірінші фамилия деп ойлайсыз, бірақ бұл да сәби есімі екен. Сондай ақ Роллина,  Полина, Глеб, Елизавета, Агата, Илона, Лада, Алан, Марк, Мирон, Гордей, Трофим, Матвей, Артемий, Доменика, Винсенттер бүгінде қарағандылық сәби есімдері коллекциясынан орын алып үлгерген. Ал 20 жастағы қарағандылық Шоколад Жағыпаровақа есімді, атасы шоколад сияқты «тәтті», ерке, нәзік болып өссін деген ниетпен қойған екен. Қазіргі кезде жеке куәлігімді жаңартып жатырмын», дейді.

Жанбеков Акпантокпантураркожа Ибадуллаулы

  Қазақстандағы сирек есімдер қандай?  ҚР ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметіне сәйкес, елімізде Ромео, Царь, Эдельвейс, Теңіз, Саша Александр Людовик, Қошкелді, Кришна сияқты сиреке сімді адамдар бар екен. Мамандар мәліметіне сүйенсек, елімізде Гагарин есімді 33, Мәслихат есімді 27, Мәжіліс есімді 21 адам бар екен. Одан бөлек сіздер Сенат есімді 7, Партия есімді 7, Комсомол есімді 7, ал Маркс есімді 225 жанды да кездестіре аласыз. Қызық па?

 

  Кейде ырымшыл болып кететін, қазақ азаматтары балаларына елге белгілі, беделді тұлғалардың есімдерін, кейде күнделікті болып жатқан түрік, корей т.б. фильмдердің жағымды, жағымсыз кейіпкерлерінің аттарын да қойып жататыны ақиқат. Мысалы, статистикалық мәліметтерге жүгінсек, ең көп есімдер түрік фильмдерінен алынады екен, олар: Мелек, Шахризада, Эмирхан, Ясмин, Саид және т.б. Сондай ақ Сексеналты, Мұздыбек, Қадіртүн деген есім иелеріде бар. Мысалы: Сексеналты-бала туған кезде атасы сексен алты жаста болған, Қадіртүн-қадір түні туған екен. Сонымен қатар, Эсмиральда, Изабелла деген қыз балаларына қойған аттарда кездеседі.

 

  ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетіні есебінше 44 адамға Елка есімі берілген және тағы 34 адамның Ёлка транскрипциясымен тіркелген. Сонымен қатар, ведомство өкілдерің есебінше Жаңа жыл есімді 5 адамның бар екен. Жаңажылдық есімдердің арасында Ақшақар да бар. Елімізде 6 адамның есімі Ақшақар екен, сондай-ақ, тағы үш адам Ақшақар транскрипциясымен тіркелген болып шықты.

Жомарт Елка

  Ал Астанада Ёлка Жомарт есімді қыз тұрады екен. Ол қаладағы құрылыс дүкендерінің бірінде кассир болып жұмыс істейді. Қыздың есімі көрсетілген чектің суреті әлеуметтік желілерде таралған болатын. Павлодар облысы Ақсу қаласының Пограничник ауылдық аймағында Ёлка Сейтбайқызы деген азаматша тұрады. Жаңа жылдық есімдердің ең ерекшесі Өскемендік Ертең Жаңа жыл деген кісі есімі.

  Қостанай облысының Әділет департаменті да ата-аналардың өз балаларына берген ерекше есімдерін тізіп шықты. Оларға сенсек, Қостанай жақта қазір Дулдубек, Бекертуған, Арег, Луина және Тея есімді ерекше балалар өсіп келеді. Сирек кездесетін есімдердің арасында Хамза, Медеу, Сандияр, Арыс, Демьян дегендер де бар екен. Сондай-ақ қыздарына Мумина, Нармин, Далер, Виталина деген есім бергендер де болыпты. Ал жаңа туған қостанайлықтардың арасында ең жиі кездесетін есімдер мынадай екен: Ислам, Нұрсұлтан, Амир, Илья, Кирилл, Айша, Ясмин, Айзере, София, Юлия, Злата.

Елка Сейтбайқызы

  Ия қазақ арасында шет елдің есімінің мән-мағынасын өздері түсінбесе де, балаларына талғамай қоя беретіндердің саны көбейді. Байқадам деген жерде біреудің аты Кәрмеш екен. Ал мағынасы орыстың гармошкасынан шыққан екен. Осы өңірдегі тағы бір адамның аты Полас. Ал оның мағынасы, бұл қысқартылған сөз екен, Пушкин, Островский, Лермонтов, Арман, Сәбит деген аттардың алғашқы әріптерінен құралыпты. Одан бөлек соңғы жылдары ел ішінде Саддам, Бен Ладен, Партия, Октябрь, Роман, Альберт, Роберт пен Мэльс секілді есімдер қаптап кетті.

   Еліміздегі ерекше есімдердің бірі — Бәйтерек. Оны тамырын тереңге жайған ағашқа байланысты қойды ма, әлде монументті меңзеп қойды ма тек ата-анасына мәлім. Ал 2013 жылы Теміртау қаласында туылған баланы ата-анасы Ёлка деп атапты. Мейлі, Бәйтерек өскенде, ел оны Бәке деп атар, ал Ёлканы қалай атайды, міне сол қызық?! Ал, Семей қаласында Жаңалық есімді бойжеткен бар.

   Бірақ біздің қазақ таң қалдырудан жалыққан ба? Баласы Елбасы болсын деп армандаған қазақтың қиялында шек жоқ. Мәселен, Жамбыл облысында дүниеге келген сәбидің есімі — НұрӘбиНаз.  Яғни Қазақстан Президентінің аты, тегі, әкесінің аты қысқартылып, бір есім болып шыққан. Бұдан өткен тағы бір қызық есідер бар. Олар — Ева-Арабелла және Бауыржанмомыш.

Муканов Биллклинтонбек Мукаевич

   Ырымдап ат қою – қазақтың қанына сіңген дәстүр. Соның ішінде бала туысымен ең алғаш кездескен кісінің атын қою – бұрындары жақсы ырым саналған. Және де ата-бабаларымыз жаңа туған нәрестеге көз тимесін, өмірі ұзақ болсын деген ниетпен баласына әдейі түпкі мағынасы сиқысыз есімдерді де қойған. Дәл осы дәстүр әлі де жалғасып келе жатқан іспетті. Әлбетте, мына есімдерді басқаша түсіндіре алмас едік: Дильнозалидия, Бобырбек, Ақпантоқпантұрарқожа, Балтагүл, Тракторгүл, Принц, Князь, Рай, Жанымсол, Антиятульхади және т.б.

Аязова Куртка Серикбаевна

   Мексиканың Сонора штатында жаңа туылған сәбилерге "ерекше" есімдер қоюға тыйым салыныпты. "Ата-анасының еркіне қарсы тұра алмайтын нәрестелер өсе келе өз атынан ұялып немесе қорлық көріп өмір сүрмеуі тиіс", - дейді жергілікті билік өкілдері. Тыйым салынған тізімде 61 есім бар екен. Олардың қатарында Гитлер, Рембо, Бургер-Кинг, Терминатор, Джеймс Бонд, Бэтмен сынды фильм кейіпкерлері мен тағамдардың атаулары кездеседі. Билік өкілдері сондай-ақ, Сонора Суйіктісі, Сонора Күні сынды сөз тіркестерін де адам атын қоярда қолданбауын талап етіп отыр. Жаңа заңның басты мақсаты - сәбилердің өскен кезде өз атынан өзі ұялуына жол бермеу.  Қара тізімде Фэйсбук, Твиттер деген адам есімдері де кездеседі. Көрдіңізбе алыс Еуропа есіміне мән бере бастапты. Дұрыс істейді, ел болашағы болар туылған әр бір сәби мәнімен мағынасы мол есімге лайық, солай болуыда шарт. Олай болса ағайын ерекше есімдерге еліктемей, нағыз ұлтымызға тән есімдерімізбен әлемнен ерекшеленеік. Олар бізге таңданатын болсын!!!

   Блог соңында биыл елімізде «хит» болуы күтіліп тұрған есімге де тоқтала кетсек. Ол, Експо екен.,, 

 Алданов Қожакелді,

 Massaget.kz «Аптаның үздік блогері» үшін арнайы дайындалды.



Бөлісу: