Сенің дос намысың бос кетсе күрсін
Батырып жазам әр- кез халқым білсін
Жас төгіп, шындықты біз жырламасақ
Ақынның бұл өмір сүрген күні құрсын
Жалын боп жанам менде қазақ үшін
Аянбай бергейлімін, міне күшім
Азаттық жолындағы құрбандарға
Бас иіп, қол жаярмын – алғаш ісім
Қос білек есейгендей сездім мұны
Тәуелсіздік қалай келді – көп қой құны
Сол елдің тілін білмес мәңгүрттерге
Айтарым бар, жануардай өзің сынды
Көздері шоқ, жақ салбырап адам сенбес
Ер жігітке шаш жалбырақ сәйкес келмес
Қазақтың ару қызы аз қалды ғой
Жүректері иманды, рухы өшпес
Ерте ашылған гүліңдей тез – ақ солмақ
Менің де хәкім барғой, шындық қымбат
Ертеңгі күн айтшы білсең, жасырмашы
Қазағымның болашағы не тек болмақ