Ертең тағы,таң атады....
жеке
блог
блог
Шарасыздық, байқатса егер, жанарың,
Толығымен,тауысылса да,амалың.
Ертең тағы, таң атады,біліп қой,
Тәңіріден болар,таңертеңгі, тамағың!
Торласа да,жүрегіңмен, сені мұң,
Ертеңгі күнге, қалмаса да,сенімің.
Көзіңді жұм, аз да болса, ұйықтап ал,
Тағы әлі,болады алда, жарық күн,
Саған дейін,болған мұндай әңгіме,
Сеннен кейін,бола берер әлі де.
Қуанышпен қайғы кезек жүреді,
Әлдиімен, жоқтау айтқан, әнімен!