Менің өмірім маған ешқашан жеңілдік танытқан емес...анам болғанымен жалғыздықтың ащы дәмін ерте татқанмын. Студент кезімде, далада ұйықтап, қатігез қысты табаны жұқа аяқ-киіммен аяқтайтынмын... мүмкін тұла бойымнан өткен қара суықтың септігі, бойымдағы айықпас дертке себепкер болған шығар. Дәрігерлердің бірі қатерлі ісікті тұқым қуалайды десе, енді бірі салауатты өмір салтын дұрыс ұстанбағандықтан болар дейді, әйтеуір тек бір білерім, бұл дертке дауаның жоқтығы. Әрбір ем қабылдау барысында өзімді ыстық оттың үстінде жүріп бара жатқандай сезінетінмін. Санамда белгісіздік орын алып, Тәңіріме неге мен...неге деген тоқтаусыз сұрақтар қойылатын. Соңғы емімді қабылдадым, бәрі көзден сағымдай ұшты, ең алғаш тілімнен пайда болған бұл дерт тұла бойыма тарап дес бермеді. Ауруханадан мені шығарып тастады, қасымда тек анам ғана...оның жанарынан шарасыздықты көрдім. Құдайым-ай, жанымды неге мұнша азаптадың. Бәрі келуде, хәлімді сұрау үшін емес, білем...менімен қоштасу үшін. Қайран шарасыздық, саған менде көндім, берілдім. Тәтті дүние сенің менің уысымнан сырғып бара жатқандығыңды сездім. Ең соңғы аманатым ол менің денемді әкемнің қасына қойсын дегендігім...бәрі бітті, қош аяусыз менің тағдырым...