Эрнест Хемингуэй: Айсберг Тәсілі.

Эрнест Хемингуэй: Айсберг Тәсілі.
жеке
блог

Атақты жазушы, бірінші және екінші дүниежүзілік соғыс ардагері, сафари аңшысы, матадор және совет шпионы - Эрнест Хемингуэй 1899 жылы 21 шілдеде Чикаго маңындағы Оук-Парк қалашығында дүниеге келді. Бұл адамның өмірі ұлы хикаялар мен қауіп қатерлерге толы болған еді.

Хемингуэй Кубада

Журналисттікке деген құштарлығы, жастайынан Эрнестті алуан түрлі оқиғалардың арасына болу қабілетін жетілдірген еді. Бұл қабілеті оны мектеп бітірісімен, Канзас Сити газетіне, қылмыстық калонна репортер жұмысына жетелейді. Әрдайым қылмыс орыны мен газет штабына шапқылау арасында жазу мәжбүрлігі, Эрнесттің келешектегі Нобель премиясын алдыратын жазу тәсілін қайрап береді. Ол тәсілін, Хемингуэй - Айсберг Тәсілі, деп атайтын болады. 

1917 жылы Италияға, бірінші дүниежүзілік соғысына қатысу үшін, Қызыл Крест машинасының жүргізушісі ретінде өз еркімен аттанады. Соғыс уақытында бастан кешкенін "Farewell to Arms"  атты кітабына еңгізеді.

Италия. 1917. Хемингуэй жарақаттан кейін ауруханада

Соғыс бітісімен Эрнест Парижге жеке журналистикамен айналысуға аттанады. 1920 жылдардағы Париж, Американдық экспатрианттарға толы еді. Олардың арасында Америка әдебиетінің алыптары - Фрэнсис Скотт Фицджеральд, Джеймс Джойс, Гертруд Штайн және т.б. Франциадағы уақытын босқа кетірмей, "The Sun Also Rises" атты алғашқы романын жазып бітіреді.

Жоғарыда айтылған "Айсберг тәсілін" қолдана отырып, Хемингуэй, оны Нобель премиясыны жүлдегері атағын берген "The Old Man and the Sea" романын 1952 жылы Кубада жарыққа шығарған еді.

Хемингуэйден, тәсілдің сыры неде? - деген сауалға, ол келесі төрт ережені айтқан болатын. 

1. Қысқа сөйлемдерді қолдануға тырысыңыз

Хемингуэй қысқа да нұсқа жазатын. Бұл ең ұтымды стиль. Толықтауыш сөздер мен эпитеттерді аямай сызып тастаңыздар, тек негізгісін қалдырыңыз. Керемет нәрселердің барлығы да қарапайым! Хемингуэйдың танымал әңгімесі алты сөзден ғана тұрған: “For sale: baby shoes. Never worn.”(«Сатылады: балаларға арналған аяқ киім, киілмеген»).

2. Қысқа кіріспелерді қолданыңыз.

Бір тақырыпта материал жазам деген кезде, оның алдындағы кіріспені созып жазбаңыз. Оқырманның тақырыпқа қызығушылығын тудыратын 1-2 сөйлем жазсаңыз да жетеді.

3. Тілдің энергетикасын қолданыңыз.

Түсініксіз, белгіссіздік тудыратын сын есімдер мен сөз тіркестерін қолданбаңыз. Етістіктерді қолданатын болсаңыз, заттарды нақтылап суреттеуге жеңіл болады, әрі cөйлемде қарқын пайда болады.

4. Өз өзіңізге сенімді болыңыз

 Негативті реңктегі сөздерді қолданбаңыз. «Аурмайтын», «сыздамайтын» деген сөздердегі «жарақат» мағынасы оқырманның көңілін міндетті түрде аудартады.
 «Қымбат емес» деген сөздің орнына «экономды» деп қолданған дұрыс.
 «Бұл бағдарламалық жасақтама қате жібермейді» дегеннен гөрі, оның сапасы жайында жазған дұрыс.

Енді осы ережелерді біле тұрып, кім білер, мүмкін сіз де Нобель премиясының иегері болатын шығарсыздар.