Бүгін КТК телеарнасының эфирінен «Жоғары құлау» атты көпсериялы әскери-шытырман оқиғалы драма жарыққа шығады.
Жаңа туынды екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов пен басқа да ұшыштардың әдеби шығармаларының негізінде түсірілген.
Авторы — белгілі кинодраматург Ермек Тұрсынов пен журналист, телепродюсер Виктор Климов.«Бұл көркем фильм –Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында ардагерлерге арналған тарту болмақ. Фильм авторлары батыр ардагерлер үшін жәй ғана құрмет көрсету аз, Отан соғысының батырларының ерліктері біздің жүрегімізде мәңгі қалуы керек» дейді олар.
Фильм Kaspi-дің қолдауымен түсірілген.
«Бұл біздің ардагерлерге көрсеткен құрметіміз бен олар алдындағы парызымыздың бір парасын өтеуіміз» дейді банктің баспасөз қызметі.
Ұшқыштар өмірі туралы 8 сериялы фильмді 8,9 мамыр күндері 21.30, 10 мамырда 22.45-те КТК телеарнасынан көре аласыздар.