Әл-Фaраби aтындағы ҚaзҰУ прoфессoры, дoцент Жaнатаев Дaнат Жанaтайұлы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1-курс магистранты Орынбаева Жазира Женисовна
Еліне, жеріне деген махаббат бар адамның бойында жатыр. Сол арқылы жасалған ерлік бізге және келешек ұрпаққа ақ параққа жазылған шығарма, өлең, роман арқылы жетеді.
А.Бектің «Волоколамское шоссе» еңбегіндегі кейіпкерлердің санасы бір нәрсеге бағынған – Отанға қауіп. Күшін де , өмірін де аямай, жауынгерлер жауды тоқтату үшін бәріне дайын. Ерлік пен еркіндік -оқиғаның басты мәселесі.
Алғашқы әскери очерктерде жазушы - тірі жанды, мейірімділікті, айқын ойлау қабілетін сақтап қалған адамның бейнесін көрсетеді. Әр түрлі тағдырлар мен кейіпкерлердің жолдары «Отан үшін шайқаста» тоғысты. Кітапты оқи отырып өзіңді сол жерде жүргендей, кейіпкерлермен бірге олардың эмоциясын сезінгендей әсерде боласың.
Мүмкін, әрқайсымыздың өзіндік бір идеалымыз бар шығар. Бәлкім ол бір танымал кісі немесе қасымыздағы жақын адам, әлде оқиға кейіпкері ме? Дәл сол секілді А.Бектің еңбегіндегі кейіпкерлердің идеалы ретінде ар-ұят пен парызды жоғары қойған жан суреттеледі. Мысал келтіріп айтатын болсақ, аңызға айналған Панфилов дивизиясының жауынгері Бауыржан Момышұлы өзінің әскеріне үлгі болды. Ерліктің, табандылықтың, жоғары моральдық қасиеттердің бейнесі Панфилов болып табылды.
«Вы не знаете, как дерутся, борются два чувства: страх и совесть. Самые свирепые звери не способны так жестоко бороться, как эти два чувства.
Боец наступает вместе с ротой, в него бьют из пулеметов, рядом падают товарищи, а он ползет и ползет. Проходит час - шестьдесят минут. В минуте шестьдесят секунд, и каждую секунду его могут сто раз убить. А он ползет. Это совесть солдата!»
Жауынгердің ар-ұяты деген не?
Өмір мен өлім, еркіндік пен құлдық қатар арпалысқан кезде тоқтауға уақытың жоқ. Майдан алаңындағы әр шешімің еліңнің ертеңін анықтайды. Тоқтамай, тек алға жетелейтін ол жауынгердің ар-ұяты мен Отан алдындағы парызы.
Тағы бір үзінді....
«Но кто не испытал радости победы над врагом, радости боевого подвига, тот не знает, что такое самая сильная, самая жгучая радость.»
Шыныменде, біз шығармашылық, тұрмыстық немесе басқа да қуанышты сезініп жатамыз, алайда ертеңгі күнің езгіде емес бостандықта екенін сезіну ол өзгеше емес пе?!