Ерлік

Ерлік
жеке
блог

1976 жылдың 16-шы қыркүйегінде, Ереван қаласында дамбыда келе жатқан троллейбус суға түсіп кетеді. Он метрлік тереңдікке тоқсан екі адам тірідей көміледі. Қаза болғандар саны бұдан да көп болар еді, егер өзен жағалауында суда жүзуден бірнеше дүркін чемпион Шаварш Карапетян дайындық жаттығуларын жүргізбегенде. Кейін эксперттердің айтуынша Шаварштың ерлігін қайталауға физикалық тұрғыда ешкімнің әлі жетпес еді. Шаварш батып кеткен лайланған суға секіріп, аяғымен троллейбустың артқы терезесін сындырып, есінен танып жатқан жолаушыларды құтқара бастайды. Суық суда жиырма минут арпалысады. Жиырмадан астам адамның өмірін құтқарады. Негізінде жағаға одан да көп адамды шығарады, бірақ бәрінің өмірін сақтап қалуға мүмкіндік болмайды. Жағалауға жиналған халық су бетіне шыққан сайын Шаварштың денесі әйнектерден сырылып, қансырап кеткенін айтады.

Кейін, «сол мезетте қандай қорқыныш болды?» деген сұраққа Шаварш былай деп жауап береді: «Менің дайындығыммен бірнеше сүңгуге жететінімді білдім. Өзеннің түбінде ештеңе көрінбейтін, сондықтан қолыма адамның денесі сияқты денелерді алып, шығара бердім. Бір ретте жағалауға шыққанда байқадым, қолыма жұмсақ орындықты қыстырып алып, шығыппын. Оған қарап, қателігімнің құны – адам өмірі екенін ұқтым. Кейін бірнеше рет сол жұмсақ орындық түсіме кіріп жүрді.»


Осындай ерлік оған екіжақты пневмонияға, лай суда жүзгендіктен қан қағындысына әкеп соқтырды. Дәрігерлер көп уақыт оның денсаулығымен арпалысты, алайда спортқа қайтып, оралу мүмкін емес еді: Шаварш мүгедек болып қалды.


Суда жүзу дарынын мәңгілікке жоғалтып алса да, адамдарға деген махаббаты сол қанды жиырма минуттың арқасында өмірлік сауап болды.