Ерлігі елге мұра батырдың
жеке
блог
блог
Соғыс деген артынан зұлмат азап пен қаны төгілген адамдар мен қираған қалаларды қалдырып кететін тарихи қасірет. Қай уақытта болмасын соғыстың аты соғыс. Тархқа үңілсек XVII ғасырда болған соғыстарда 3 млн. 300 мың адам, XVIII ғасырда 5 млн. 200 мың адам, XIX ғасырда 5 млн. 500 мың адам, XX ғасырдағы Бірінші дүниежүзілік соғыста 10 млн. адам, Екінші дүниежүзілік соғыста 64 млн. адам қаза тапты. Екінші дүниежүзілік соғыстың салдарынан 110 млн. адам жарақат алды, мүгедек болды, 42 млн. бала жетім қалды.Екінші дүниежүзілік соғыстан басқа соғыстардан ерекшеленуі оның бірнеше жылға созылуы мен адам шығындарының көп болуы. Сол себепті Ұлы Отан соғысы деген атқа ие болды.Ұлы Отан соғысына Қазақстан біртұтас елдің бір бөлігі ретінде қатысты. Соғыс қарсаңында оның стратегиялық маңызы бар мол адам және табиғи ресурстары болды. Қысқа мерзімнің ішінде таптық, ұлттық және отарлық езгі, сауатсыздық және орта ғасырлық мешеулік жойылды, әйел теңдігі, ұлтаралық татулық пен келісім жүзеге асырылды. Осының бәріне қол жеткізуде халықтардың патриоттық дәстүрлері маңызды рөл атқарды. Қазақ халқы көп ғасырлар бойы өзінің байтақ даласының шекараларын ойдағыдай қорғап келген болатын. Отаршылдыққа қарсы күрес, орыстың үш төңкерісі жылдарында, азамат соғысының майдандарында, бесжылдықтың құрылыстарында халықтар достығы қалыптасып, нығайды. Соғыстың алдындағы жылдардағы фашизмге қарсы насихат адамдарға зор ықпал жасады.1941-1945 жылдары әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас қазақстандық жіберілді, республика жерінде тұрған 27 әскери оқу орны толық емес мәлімет бойынша 16 мың офицер даярлап шығарды.КСРО-ның жау қолында қалған аудандарында соғыстың алғашқы күнінен бастап-ақ партизандар қозғалысы пайда болды, ол бұқаралық сипат алуы, ұйымшылдығы, өз жоспарларын Кеңес Армиясы қолбасшылығының міндеттеріне бағындырып отырулары арқасында стратегиялық маңыз алды. Оған қазақстандықтар да қатысты. Ленинград облысында 220, Смоленск жерінде 270-тен астам, Украина мен Беларуссияда 3000-дай қазақстандық болды. 300-дей қазақстандық қарсыласу қозғалысына қатысты.Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін 11600 адамға Кеңес Одағының батыры атағы берілді, олардың 497-і қазақстандық. Оның ішінде Кеңес Одағының батыры, облысымыздың тумасы Ақәділ Суханбаевтың есімі ерекше.Ақәділ Суханбаев 1920 жылы Жамбыл облысы, Свердлов ауданында дүниеге келген. Балалық шағы осы ауылда өткен. Мектепті бітіргеннен кейін, еңбек жолын колхозда жұмыс істеумен бастаған. Сұрапыл соғыс Ағаділ Суханбаевтың жастық шағын баянды қылмады. Жалындаған жастық шағында әскер қатарына шығырылды. Атап айтар болсақ, 1941 жылы Қызыл армия қатарына алынды. Небәрі жирма бір жасында 174-Борисовск Қызыл тулы атқыштар дивизиясының 628-Гродненск Қызыл тулы полкіндегі 1-батальон құрамында болды. Ол С.Белоруссияны, Литваны, Польшаны азат ету үшін болған шайқастарға қатысты.А.Суханбаев 1944 жылдың 31 шілдесінде, 24 жасында Отаны, Елі, артында келе жатқан болашақ ұрпақтарының жарқын өмірі үшін қасы қаны қалғанша шайқасты. Ол Польша жерінде, Стжельцовизна деревнясы үшін болған шайқаста мыңдаған жауынгерлердің рухын көтеріп, олардың көз алдында Александр Мотросовтың өшпес ерлігін қайталап, пулеметтің амбразурасын өз денесімен жапқан.Осы ерлігімен артында өшпес із қалдырды. Атап айтар болсақ, ТМД Қарулы Күштері мұражайында Кеңес Одағы Батыры атағына ұсыну қағазы сақтаулы.Кеңес Одағының Батыры, генерал-полковник Василий Васильевич Глаголевтің тапсырмасымен денесі қазылып алынып, Польшадан Литваның көрікті қаласына әкелініп үлкен әскери салт-жорамен жерленген.Беларусь астанасы Минскіде орналасқан Ұлы Отан соғысы мұражайында азат етуші жауынгерлер сапында А.Суханбаевтың да портреті ілінген. Сондай-ақ, Гродно қаласына қазақ баласы Ақәділдің есімімен көше атауы берілген.Кеңес Одағының батыры А.Суханбаевтың ерлігі облысымызда да ұмыт қалған емес. Облысымызда батыр есімімен ауылдық округ аты, Тараз қаласы мен аудан орталықтарында көше есімдері берілген. Өзі оқыған мектеп батыр есімімен аталады.2005 жылы Тараз қаласында ерлік жасап тұрған сәтін бейнелейтін ескертіші ашылды. Ашылу салтанатына Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев қатысты. Ал 2012 жыл батырдың есімі Байзақ ауданының орталығы Сарыкемер ауылында орталық саябағына беріліп, ескерткіш мүсіні қойылды. Жыл сайын 31 шілдеде батыр ескерткішіне гүл қою рәсімі өткізілуде. Суханбаев осы ерлігімен ұрпаққа ұран, жастарға үлгі болды. Серікбол БЕРІКҚОЖА«Жаңа-Ру» жастар коалициясының Президенті