ҚР Парламенті Мәжілісінің Спикері, партия Төрағасы Ерлан Қошановтың «AMANAT» фракциясының кеңейтілген отырысында маңызды мәселелерге тоқталып, жұмыстардың жүйелі, кезең-кезеңімен жүзеге асуында президент Қасым-Жомарт Кемелұлының еңбегін ерекше атап өтті.
«Қасым-Жомарт Кемелұлы елімізде әділдік пен демократия принциптерін орнықтыру және нығайту жолында жүйелі түрде, кезең-кезеңімен жағдай жасауда. Соның дәлелі – көп партиялы Мәжіліс жасақталды. Әр түрлі көзқарастағы азаматтар депутат мандатын алды. Тағы бір көрінісі – Мемлекет басшысының бастамасымен биыл алғаш рет жеңіске жеткен партия Премьер-Министрдің кандидатурасын ұсынды», - деді партия Төрағасы.