...еркелетпе!

...еркелетпе!
жеке
блог

2010 жылы  15 тамыз

Бақытты едім...Балалықтың бал күндерінде  балдырған достарыммен;тандырдан жаңа піскен ыстық нанына таяқша тығып, «күлше нан» істеп беретін  алтын әжеммен; жұмысынан келе сала «Көшентай» деп іздеп,ыстық алақанымен басымнан сипап,ақ сақалдарын маңдайыма тигізіп іскелейтін атаммен  қоштастым!...

2011 жылы  15 тамыз

Басқа кейіпке ендім.Келбетім,тәнім өзімдікі болғанымен жаным,рухым мені  тастады.Мына өмір бақытымнан тағы бір тілім алды. «Табанымнан періштелер қанаттарын алды.» «Бірінші өміріммен»  қоштастым!...

2012 жылы  15 тамыз

Сығалап жүрген бағымды есік қаққанда  ашуға үлгермей,жіберіп алдым.Былтыр тәнім өзімде қалып,жүрегім жамау болған -ды.Міне,биыл Қожаның қырық жамау шапаны секілденген жамауалы жүрегіммен қоштастым!...

2013 ж 15 тамыз

Жүректі тіреу еткен жанымнан,жансыз жүрген жүрегімнен айырылып,құр селдерім қалған болатын.Самал соққанда селдерім қалса да сескенбей «өмірлік ұстаныммен» төтеп беріп келгендім.Қамалды  бұзып, мен үшін қайғылы саналатын тамыз биыл тағы бір барымнан,балалық арманымнан айырды.Ол-менен бас тартты!Мен-одан... Бақытыма себепші болады деген арманыммен қоштастым!...

         Міне,төртінші жыл төріме шығып барады.Мен саған  барыммен қоштасу үшін емес,болашақпен достасу үшін келдім емес пе?Сен ше? Сен не істедің?

 

         ЕСІЛ,мен енді саған еркелемеймін!