Еркек пен әйелдің арасындағы айырмашылықтар

Еркектер айтады:

Әйелдер түсті жақсы айырады. Қай уақытта қандай киім кию керектігін біліп тұратын секілді. Ал еркектер «қызыл да әдемі, қызғылт та әдемі, ендеше неге екеуін де қатар кимеске?» деп ойлайды. Еркектерде диван және перде жайында ешқандай ой-пікір жоқ. Еркектер достарына көрсетіп, таңқалдырып, мақтану үшін өздерінің жоғары технологиялы заттарын (ноутбук, оттық, машина, тапанша, т.б.) жинағанды ұнатады. Еркектер диагоналы 42 дюймді плазмалық дисплейлі теледидардың маңыздылығын біледі (өйткені, спорттық бағдарламалар көреді). Әйелдер үйлену тойын жоспарлағанды ұнатады. Ер адам 90 секундтың ішінде аяқ киімді таңдап, сатып ала алады. Еркектер машинаны айнадан өздеріне қарамай-ақ айдай алады. Әйелдер соңғы екі онжылдықта қай кешке қандай көйлекпен барғанын есінде сақтай алады. Ал еркектер болса, кеше қандай киім киіп жүргенін төсектің жанындағы еденге қарамай біле алмайды. Әйелдер жерде жатқан затты көтеріп сөреге қояды. Еркектер ал деп айтпайынша үстінен аттап жүре береді. Үйленгеннен кейінгі кештерде әйелдер алдымен жылайды, сосын ішімдік ішіп мас болады. Еркектер алдымен мас болады, сосын жылайды. Егер әйеліңе саяхаттан оралдым, тіпті Айдың бетіне қонып келдім десең, оның қоятын алғашқы сұрағы «кіммен бардың?». Әйелді басқа әйел ғана түсіне алады. Біреу жылай бастаса, әйелдер қалай жұбатуды біледі. Ал еркектер болса, үндемей тұрады да «мен далада бірдеме жасауым керек» деп жалғыз тастап шығып кетеді. Әйелдер жанармайды 100 м жерден исін сезеді, ал еркекке мұрнына дейін апармайынша сезбейді. Сымбатты еркекті көргенде әйелдер тесіле қараса да қарағанын білдірмейді. Еркектер бедірейіп қарап тұра береді.

Әйелдер айтады:

Біреу жаңа машина сатып алдым десе, әйелдер әдетте түсін, еркектер маркасын сұрайды. Әйелдер кір жуу ұнтағы қашан бітетінін байқап жүреді және дереу жаңасына ауыстыра қояды. Ал еркектер жай ғана «Оһ, бітіп қапты ғой мынау» дей салады (әдетте боқтайды). Әйелдер инстинкті түрде сәбиге не қауіпті, не жарамсыз екенін бірден біледі. Еркектер, жалпы айтқанда, басы қаға бермейді. Әйелдер туған күн, үйлену мерейтойлары, кездесу даталарын қиындықсыз есіне түсіре алады. Еркекке түсіндірілу керек нәрселер БАС ӘРІППЕН жазылуы керек. Еркектер қоқыс шелегінің толып тұрғанын көрмей, үстін-үстіне сала алады. Еркектерде баланың жылағанын, есіктің қоңырауының ойнауын, телефонның шылдырауын елемей ұйықтай беретін қабілет бар. Еркектер спорт қарауды және әйеліне сөйлеуді бір уақытта орындай алмайды. Әйелдер қалаған нәрсесіне жыныстық қатынасты қолдану арқылы қол жеткізе алады. Ал еркектер олай жасай алмайды, өйткені еркектің қалаған нәрсесі – жыныстық қатынас. Түнгі 2:00 – еркектер үшін ұйқы уақыты, әйелдер үшін «біздің қарым-қатынасымыз не боп барады» деп басталатын дискуссия уақыты. Еркектер не қалағанын бетке айта салады. Әйелдер бірден айтпай, негізгі тақырып жайында айналшықтап, қашан еркек өзі таппайынша тиіп-қашып жүреді. Еркектер қоғамдық орындарда екі аяғын айқара ашып отырудың ешқандай әдемі еместігін ұғынбайды. Еркектер бүтін киноны ешқандай «Мынау кім? Ол не бүлдіріп қойып еді?» деген сұрақсыз үндемей көре алады. Еркектер, қаншалықты маңыздылығына қарамастан кез келген сұраққа «Ммм!» деп жауап бере алады.

 



Бөлісу: