Еркек пен әйелдің арасындағы айырмашылықтар
жеке
блог
блог
Еркектер айтады:
- Әйелдер түсті жақсы айырады. Қай уақытта қандай киім кию керектігін біліп тұратын секілді. Ал еркектер «қызыл да әдемі, қызғылт та әдемі, ендеше неге екеуін де қатар кимеске?» деп ойлайды.
- Еркектерде диван және перде жайында ешқандай ой-пікір жоқ.
- Еркектер достарына көрсетіп, таңқалдырып, мақтану үшін өздерінің жоғары технологиялы заттарын (ноутбук, оттық, машина, тапанша, т.б.) жинағанды ұнатады.
- Еркектер диагоналы 42 дюймді плазмалық дисплейлі теледидардың маңыздылығын біледі (өйткені, спорттық бағдарламалар көреді).
- Әйелдер үйлену тойын жоспарлағанды ұнатады.
- Ер адам 90 секундтың ішінде аяқ киімді таңдап, сатып ала алады.
- Еркектер машинаны айнадан өздеріне қарамай-ақ айдай алады.
- Әйелдер соңғы екі онжылдықта қай кешке қандай көйлекпен барғанын есінде сақтай алады. Ал еркектер болса, кеше қандай киім киіп жүргенін төсектің жанындағы еденге қарамай біле алмайды.
- Әйелдер жерде жатқан затты көтеріп сөреге қояды. Еркектер ал деп айтпайынша үстінен аттап жүре береді.
- Үйленгеннен кейінгі кештерде әйелдер алдымен жылайды, сосын ішімдік ішіп мас болады. Еркектер алдымен мас болады, сосын жылайды.
- Егер әйеліңе саяхаттан оралдым, тіпті Айдың бетіне қонып келдім десең, оның қоятын алғашқы сұрағы «кіммен бардың?».
- Әйелді басқа әйел ғана түсіне алады.
- Біреу жылай бастаса, әйелдер қалай жұбатуды біледі. Ал еркектер болса, үндемей тұрады да «мен далада бірдеме жасауым керек» деп жалғыз тастап шығып кетеді.
- Әйелдер жанармайды 100 м жерден исін сезеді, ал еркекке мұрнына дейін апармайынша сезбейді.
- Сымбатты еркекті көргенде әйелдер тесіле қараса да қарағанын білдірмейді. Еркектер бедірейіп қарап тұра береді.
Әйелдер айтады:
- Біреу жаңа машина сатып алдым десе, әйелдер әдетте түсін, еркектер маркасын сұрайды.
- Әйелдер кір жуу ұнтағы қашан бітетінін байқап жүреді және дереу жаңасына ауыстыра қояды. Ал еркектер жай ғана «Оһ, бітіп қапты ғой мынау» дей салады (әдетте боқтайды).
- Әйелдер инстинкті түрде сәбиге не қауіпті, не жарамсыз екенін бірден біледі. Еркектер, жалпы айтқанда, басы қаға бермейді.
- Әйелдер туған күн, үйлену мерейтойлары, кездесу даталарын қиындықсыз есіне түсіре алады.
- Еркекке түсіндірілу керек нәрселер БАС ӘРІППЕН жазылуы керек.
- Еркектер қоқыс шелегінің толып тұрғанын көрмей, үстін-үстіне сала алады.
- Еркектерде баланың жылағанын, есіктің қоңырауының ойнауын, телефонның шылдырауын елемей ұйықтай беретін қабілет бар.
- Еркектер спорт қарауды және әйеліне сөйлеуді бір уақытта орындай алмайды.
- Әйелдер қалаған нәрсесіне жыныстық қатынасты қолдану арқылы қол жеткізе алады. Ал еркектер олай жасай алмайды, өйткені еркектің қалаған нәрсесі – жыныстық қатынас.
- Түнгі 2:00 – еркектер үшін ұйқы уақыты, әйелдер үшін «біздің қарым-қатынасымыз не боп барады» деп басталатын дискуссия уақыты.
- Еркектер не қалағанын бетке айта салады. Әйелдер бірден айтпай, негізгі тақырып жайында айналшықтап, қашан еркек өзі таппайынша тиіп-қашып жүреді.
- Еркектер қоғамдық орындарда екі аяғын айқара ашып отырудың ешқандай әдемі еместігін ұғынбайды.
- Еркектер бүтін киноны ешқандай «Мынау кім? Ол не бүлдіріп қойып еді?» деген сұрақсыз үндемей көре алады.
- Еркектер, қаншалықты маңыздылығына қарамастан кез келген сұраққа «Ммм!» деп жауап бере алады.