Ерқанат Көпжасар отпен ойнап жүр...

Қорықпаңыздар! Барлығы аман-есен. Бар болғаны Астана арнасында «Саған сенемін. Мой лучший» теледуманында танымал теле-радиожүргізуші Ерқанат Көпжасар жанып тұрған секіргіштен 25 рет секіріп, көзсіз ерлік жасады. Ерқанаттың жары - Гүлжан ерін отта ғана емес, қазақтың ұлттық ойыны «Қыз қуу» сайысында да сынап көрді.

      Сонымен қатар бұл бағдарламада танымал әзілкеш, «Тамаша» театрының актері Бауыржан Орда сүйікті сыңары Алтын Ордамен бірге, актер, тележүргізуші Фима Иванов жары Оксанамен бірге және  ВИА «Негры» тобының белді әншісі Диана Шарапова жары тележүргізуші Роман Мироновпен бірге бақ сынады.

      Бауыржан Орда жарының тапсырысы бойынша 2 минут ішінде алаңға тікұшақты қондыру керек болды. Тікұшақты қондыру қатысушы үшін оңай соққан жоқ. Ол үшін тікұшақтың тілін білу керек емес пе?

      Ал  жақында ғана отбасын құрған Диана өз ерін қинамауға бел байлап, өзінің ақылды әйел екенін көрсетті. Жары үшін ең оңай сайыс – мультфильмдерді анықтау деп тапты. «Өйткені, болашақ әке ретінде жаңа өмірге дайын екенін сынайтын кез келді» дейді Диана сәл ғана жымиып.

     Бұл қызықтардың қалай аяқталғанын көргіңіз келсе 2 желтоқсан күні, сағат 19:00-де Астана телеарнасында «Саған сенемін. Мой лучший» думанынан қапы қалмаңыздар.

 



Бөлісу: