Үлкен (100 000 шаршы метрден астам) ленд-арт-объект болған “Сахара ауасы” Сахара шөлінде орналасқан. “D.A.ST.Arteam” тобы 8000 куб метр құмнан конустар құрған, олардың ортасынан диаметрі 30 метр болған су қауызын жасаған. «Сахара ауасы», әсіресе, жоғарыдан қарағанда өте ерекше көрінеді.
Вест-Индия аралдары жағалауынан мүсінші Жейсон де Клейрс Тейлор “MUSA” (Museo Subacuatico de Arte) деп аталған су асты көркем музейін ашты. Су астына оның қолынан шыққан 500 ден астам ескерткіш орналастырылған.
Француз мүсіншісі Поло Гранжон 2008 жылдан бері папье-машеден дайындалған 1600 панда бейнесін алып жүреді және түрлі ескерткіштер алдында оларды суретке түсіреді. Ол 20 дан астам елде болған. 1600 саныда бекер емес, әлемде қазір осынша панда қалған екен.
Швейцариялық ағайынды Франк және Патрик Риклин бүкіл даланы құрандылардан дайындалған үлкен төсенішке айналдырмақшы. “BIGNIK” деп аталушы бұл жобада жергілікті тұрғындар қызу қатынасуда: олар үйлеріндегі сүрткіштер, дастархан, жамылғы және осы секілді маталарын ағайындыларға беруде. Бұл суретте жобаның дайын болған 4 пайызы көрсетілген.
Лондондағы Тауэр құламасына 888 246 дана қызыл түстегі керамик қызқалдақтар толтырылды. Суретші - керамист Пол Камминстің “Blood Swept Lands and Seas of Red” деп аталған бұл жобасы Бірінші әлем соғысы басталғанының жүз жылдығына арналды. 888 246 — осынша британиялық әскерлер соғыстан қайтпаған еді.
Венгриялық мүсінші Габор Миклош Секе Будапештте үлкен бүркіт бейнесін жасады. Қанаттарының ұзындығы 16 метр, биіктігі 8 метр, ауырлығы 15 тонна болған бұл құс 15000 болат призмалардан құралған.