Маған ешкім кезексөз ұсынбайды деп күңкілдеп жүргенімде, Сыр қызының эстафета таяқшасын қалай қолыма қыстырып кеткенін де байқамай қалыппын. ))) Рахмет, Сырдың сұлуы.
Тәәк, ерекше қызығушылық дей ме? Ендеше...
"Канцмания" деген дерт жоқ па екен, осы? Болса, мен сонымен ауырам. Кеңсе тауарларын өте қатты жақсы көремін. Әсіресе блокноттарды. Сатып аларда ұзақ таңдаймын, иісіне шейін иіскеп қараймын. Күлкілі, я?
Ал мынау- гитарам. Музыкалық аспаптан гөрі, сувенирге көбірек ұқсайды (шаң басып тұрады байғұс). Керемет гитарист екен деп ойлап қалмаңыз. Дегенмен, Нұршаттың және басқа да достарымның кеңестерімен бір нәрселерді тыңғырлатып жүрмін қазір.
HAND MADE- ті жоғары бағалаймын. Адам қолының ерекше бір құдіреті бар деп ойлаймын. Әсіресе, ағаштан ойылып жасалған бұйымдар ұнайды. Мынау Катерина есімді Ресейлік шебер арудың жұмысы. Жақын арада менің көйлегімді сәндейтін түйреуіш. Күшті-ақ.
Журналдардан суреттер қиып осындай армандар картасын жасаймын. Бұл да мотивацияның бір түрі.
PSYCHOLOGIES журналын жақсы көремін. Адам әрқашан да өзін-өзі тануға ұмтылу қажет.Мені ұдайы философиялық және психологиялық сұрақтар мазалайды. Жауабын кейде осы журналдан табамын. Анам психолог болғым келеді дегенімде : "Жүр сол жынды болып. Қазіргі жындылығың да аз емес. Одан да бухгалтер бол"- деп біраз ұрысқан.
Көргеніңіздей, пәлендей керемет қызығушылығым жоқ. Кәдімгі...Турасын айтсам қазіргі басты қызығушылығым- Массагет. Массагетте блог жазу (кейде критиктермен қызу пікірталас өткізу)
Ал, көгершіндерім, эстафета таяқшасын от ауызды, орақ тілді- Мұқағали Ибрагимовке, сондай-ақ, Жания Қарамурзаеваға, Әсел Асановаға, Шыңғыс Төреевке, Аселхан Торбаеваға беремін..