Ерекше қызығушылығым (эстафета)

Ерекше қызығушылығым (эстафета)
жеке
блог

     Маған ешкім кезексөз ұсынбайды деп күңкілдеп жүргенімде, Сыр қызының эстафета таяқшасын қалай қолыма қыстырып кеткенін де байқамай қалыппын. ))) Рахмет, Сырдың сұлуы.

     Тәәк, ерекше қызығушылық дей ме? Ендеше...

блакнот

"Канцмания" деген дерт жоқ па екен, осы? Болса, мен сонымен ауырам. Кеңсе тауарларын өте қатты жақсы көремін. Әсіресе блокноттарды. Сатып аларда ұзақ таңдаймын, иісіне шейін иіскеп қараймын. Күлкілі, я?

/userdata/uploads/u64551/1427135333_l.jpg

Ал мынау- гитарам. Музыкалық аспаптан гөрі, сувенирге көбірек ұқсайды (шаң басып тұрады байғұс). Керемет гитарист екен деп ойлап қалмаңыз. Дегенмен, Нұршаттың және басқа да достарымның кеңестерімен бір нәрселерді тыңғырлатып жүрмін қазір.

  /userdata/uploads/u64551/1427136295_l.jpgМенің өзіндік бір дәстүрім бар. Жаңбыр жауса (бұл құбылыс бізде жиі болмайды), велосипедпен қаланың сыртында серуендеймін.Сүйікті музыкамды тыңдаймын, сөмкеме термоспен ыстық шәй де салып жүремін. Мұндай серуен 1 жылдық эндорфин гормонының дозасын сыйлайды. Иә, төрт дөңгелекті тақтайда да зуылдаймын. Скейтбордымды лонгбордқа ауыстырғым келіп жүр.

Хандмеид 

HAND MADE- ті  жоғары бағалаймын. Адам қолының ерекше бір құдіреті бар деп ойлаймын. Әсіресе, ағаштан  ойылып жасалған бұйымдар ұнайды. Мынау Катерина есімді Ресейлік шебер арудың  жұмысы. Жақын арада менің көйлегімді сәндейтін түйреуіш. Күшті-ақ. 

карта мечты

Журналдардан суреттер қиып осындай армандар картасын жасаймын. Бұл  да мотивацияның бір түрі.

психология

PSYCHOLOGIES журналын жақсы көремін. Адам әрқашан да өзін-өзі тануға ұмтылу қажет.Мені ұдайы философиялық және психологиялық сұрақтар мазалайды. Жауабын кейде осы журналдан табамын.  Анам психолог болғым келеді дегенімде : "Жүр сол жынды болып. Қазіргі жындылығың да аз емес. Одан да бухгалтер бол"- деп біраз ұрысқан.

 

мен

Көргеніңіздей, пәлендей керемет қызығушылығым жоқ. Кәдімгі...Турасын айтсам қазіргі басты қызығушылығым- Массагет. Массагетте блог жазу (кейде критиктермен қызу пікірталас өткізу)

блог

Ал, көгершіндерім, эстафета таяқшасын  от ауызды, орақ тілді- Мұқағали Ибрагимовке, сондай-ақ, Жания Қарамурзаеваға, Әсел Асановаға, Шыңғыс Төреевке, Аселхан Торбаеваға  беремін..