Эстафета тізгіні Ақниет Балтанова арқылы маған да жеткен сияқты. Менің ерекше қызығушылықтарым туралы айтар болсам көлік жүргізгенді жақсы көремін. Неге қатты ұнайтындығын қайдам, бірақ менің көлікке деген қызығушылығыма кейде өзім де таңғаламын. Тіпті анашымда неге сонша қызығасың, қыз балаға біртүрлі екен деп жатады.)
Би билегенді ұнатамын. Сегіз жыл бойы шығыс биімен айналыстым. Мен үшін керемет сәт ол би алаңы...билеген кездегі басқа дүниені сезбеу,барлығын ұмыту, керемет күйге бөлену . Бимен айналысу менің өмірімнің жартысына айналғалы қашан. Менің өмірімде биге деген махаббаттың орны ерекше. Және одан ешқашан бас тарта алмаспын. Жаңа айтп өткендей мен негізі шығыс биімен көп айналыстым, ал қазіргі таңда көше биі мен хип-хоп стилінде дайындалып жүрмін.
Әртүрлі жіптермен кесте тігу. Бұған қызыққаным соншалық кесте тігу түрлері бойынша арнайы сабақ алғанмын. Өз қолыңмен жасаған дүниең әдемі болсын десең бірінші мұқияттылық, екінші сабырлық өте қажет деп айтар едім. Себебі бәрі бірден керемет болмайды.
Сонымен қатар шахмат, тоғызқұмалақ, нарды ойнаған ұнайды. Шахмат ойнаудан кереметпін деп айта алмаймын. Бірақ бұл ойындардың барлығында да математика керек болады.)))
Және айта кететінім кітап оқу мен поэзияның менің өмірімдегі орны ерек бөлек. Олар асыл қазынам. Мәнерлеп өлең оқымасам бір нәрсе жетіспей тұрғандай болады.
Мінеки, менің ерекше қызығушылықтарым, менің барым.
Эстафета тізгінін жалғастыруды Айткенова Айданаға тапсырамын)))