Ат аяғынан семірер, адам құлағынан семірер демекші адам үшін өз есімін естудің өзі бір ғанибет. Азан шақырылып қойылған сан түрлі есімдер бар. Солардың ішінде ерекше қыз есімдері мыналар:
АҒИЛА - араб және иран тілдерінен алынған агиля — ақылды, парасатты сөзінен жасалған.
АЖАР - көрікті, келбет, нұрлы; түр, өң.
АИДА - араб тілінен — пайда, сый.
АЙДАНА – қазақтың сөзі ай + тәжік тілінен алынған дана - білгір, данышпан, ғалым.
АЙЖАМАЛ – қазақтың сөзі ай + араб тілінен алынған жамал — әдемі, сұлу, яғни айдай сұлу, әдемі болсын деген мәндегі есім.
АЙЖАН – қазақтың сөзі ай + иран тілінен алынған жан. Айдай сұлу, әдемі.
АЙЗАДА - қазақтың сөзі ай + иран тілінен алынған зада — перзент, бала. Айдай перзент, бала.
АЙЗЕРЕ - қазақ тілінен алынған ай + зере иран тілінен зер — алтын. Алтынай есімінің синонимі.
АЙНҰР - қазақ тілінен алынған ай + араб тілінен алынған нур — жарық, шұғыла. Ай сипатты, ай келбетті.
АЙСӘУЛЕ - екі сөзден құралған қыз есімі. Айдың сәулесі сияқты жарық болсын деген үмітпен қойылған.
АЙСҰЛУ - екі сөзден құралған қыз есімі. Ай сияқты сұлу, көркем болсын деген тілекпен қойылған көне тұлғалы, дәстүрлі есім.
АЙТОЛДЫ - бақытым толды, бағым жанды, балам айдай көркем, сұлу болсын, деген тілекпен қойылған.
АЙША - араб тілінен алынған гайшә — көне еврей тілінен айше - ұзақ әмір сүруші, өмірге құмар, құштар. Түрлері — Ғайша, Қайша.
АҚҚЫЗ - аппақ, әдемі, сұлу қыз бала.
АҚМАРАЛ - бұл есім сұлу анды қасиет тұтумен байланысты қойылған.
ІҢКӘР – қазақтың төл есімі. «Құштарлық, ынтызарлық» дегенді білдіреді. Қазақ қыз балаға бұл ныспыны «өмірге құштар, нәзік те сұлу, жан дүниесі бай болып бойжетсін» деген ниетпен қояды. Ел ішінде жиі кездесетін есімнің бірі.
МАЙРА – парсының «маһире» сөзімен төркіндес есім. Моншақ мағынасында қолданылады. Қазақ арасында жиі кездесетін есім. Бастапқы мағынасынан ажырап, қазақ ішінде май айында туылғандарға қойылатын ат сияқты болып кеткен. Өзге мұсылмандар арасында «Маһире» түрінде қолданылады.
ЗӘУРЕШ – арабтың «зәхра» (нұрлы жүз, жарқын келбет) сөзінен шыққан. Ұлық пайғамбар қызы Фатиманы осылай деп атайды екен. Кейін бұл есім қазақ арасына сіңіп, Зура, Зухра, Зәуре формасында қолданылатын болған. Бұл есім мұсылмандар арасында, әсіресе шиғалар ортасында, жиі кездеседі.
ЖІБЕК - мінезі жібектей, әрі әдемі, сұлу болсын деген ниетпен қойылған.
ЗАРИНА – иран сөзінен зар — золото — зарина — алтындаған, алтыннан жасалған әшекей; алтын түстес, алтындай.
ИНДИРА – үнді тілінен алынған — ай.
КӘУСӘР – араб тілінен алькаусар –жұмақ көзінен жыққан су, яғни таза, мөлдір жан деген мағынаны білдіреді.
ӘМИНА - араб тілінен — адал, сенімді, зиянсыз, сәтті, игілікті.
Бұдан басқа да қыздардың есімдері толып жатыр. Әрқайсысының берер мағынасы бар. Жалпы алғанда қыздар есмі көбіне көп ырымдалып қойылады екен.
Ұқсас жазбалар:
Балама қандай ат қоямын: Ұл бала есімдері