Ерегесіп дым таппайсың!

Сіз менің ойыммен келіспейтін шығарсыз, келісуге міндетті де емессіз. Бірақ менің ойымша ерегесу - әлемдегі ең жаман мінез. Ең жаман мінез болғанына қарамастан, бұл мінез көп адамдарда болады. Егер сіздің де осындай мінезіңіз болса, сізге берер кеңесім: дереу құтылуға тырысыңыз! Мұндай мінезбен алысқа бармайсыз! Сіздің қанша дарыныңыз, таланттыңыз, біліміңіз бола тұрып, ерегесіп те білсеңіз, дарыныңыздың, талантыңыздың еш пайдасы жоқ. Кейбір адамдар ерегесіп жеңгісі келеді. Бұл қате қылық. Олай жасасаңыз, керісінше өзіңіз жеңілесіз! Қазір дамыған заман. Бәсекелестік көп, біреу жеңіп, біреу жеңіліп жатады. Осындай заманда, біреумен ерегессең, кім сенің еркелігіңді көтереді? 

Және тәкаппарлық туралы да айтқым келіп отыр. Бұл да оңып тұрған мінез емес. Мынадай афоризм бар ғой:

Ерекше адаммын десең-жалғыз қалуға дайын бол!

Осыны кім айтса да дұрыс айтыпты. Өзім осыған қосыламын. Адам адамнан артық немесе кем емес. Барлығы бір адам. Менің ойымша өзіңді жоғары санау - ақымақтық. 

 Жасым отыздың жартысында. Осы он бес жыл ішінде менің ұққаным осы!


сурет: stihi.ru



Бөлісу: