Ерегес

-Не болды? Қалайша менімен ерегеспей отырсың?

-Қойшы, өтінем...

-Менімен сөз таластырудан алдыңа жан салмайтын едің?

-Сөз таластыратын сөзім де қалмады, сенесің бе?

-Ақыры мойындадың ба?

-Ия, мойындадым. Қарауға бетім жоқ. Ақымақпын ғой...

-Сен ақымақ емессің, тым арманшылсың...

-Арманшыл дейсің бе? Ол да мүмкін. Өте орынды. Сенімен үнемі ерегесіп, әйтеуір жеңістік бермейтін едім. Ал бүгін мен мойындадым, ұтылдым. Сен, мықтысың. Мені жеңіп кеттің ғой...Әй, білесің бе, жаныма не батып тұрғанын?

-Не?

-Өзге емес, өзімнен ұтылғаным. Онан да бөтен біреулерден ұтылғаным дұрыс па еді? Бір жылап алар едім. Кейін ашуға булығып, қалайда ілгері жүруді көздейтін бе едім. Ал...өзіңнен ұтылғасын бір түрлі қызық екен...Өз өзіңе қалай жылап, қалай ерегесе отырып ұмтылуға болады?...

Пысы: Мен осылай өз-өзіммен тілдесемін. Кім қалай ойласада!

Өз-өздеріңізден ұтылмаңыздаршы...



Бөлісу: