Ер есімі ел есінде...

Дүниежүзінде жері қазақтыкіндей кең– біртұтас ұлт жоқтың қасы. Жерінде ұшша құстың қанаты талатын, шапса тұлпары болдыратын осынау дархан даланың иесі– қазақтар. Қазақстан – Орта Азия елдерінен ойып тұрып алар орыны бар бірден бір мемлекет. Тәуелсіз, әрі еркін! Дегенмен егемендікті ерттеп, тәуелсіздіктік ақ боз атына мініп, шауып жүргенімізге міне отыз жылдан асып барады. Көп дүниенің байыбына бара алмайтын жөн жосықсыздар елді қаралуға дайын тұрады. Дегенмен осынау тәуелсіздік пен егемендіктің елімізге қандай жолмен келгенін мына халқымыз білеме екен? Салық Зиманов, Ерік Асанбаев сынды нарқасқа тұлғаларымыздың арқасында тәуелсіздіктің ақ таңы еш қантөгіссіз жамырап алдымыздан атқанын тоқсаннан, тоғызының есінде жоқ. Есінде жоқ дейміз ау, естімеген мүлде.

1990 жылдары Кеңес үкіметінің шаңырағы шайқалып, уысында ұстаған елдердің бұйдасынының босай бастаған кезі. КСРОның алғашқы және соңғы президенті М.Гарбочев елді демекротизациялау процесін жеделдетіп, одақта экономикалық крезис белең алған. Осы кезеңде одақтас республикалар өзінің егемендігін бірінен соң бірі жариялай бастаған еді. Осы жылы 25 мамырда – Грузия, 12 маусымда –Ресей, 20 маусымда – Өзбекстан, 23 маусымда – Молдова, 16 шілдеде – Украина, 27 шілдеде – Беларусь, 22 тамызда – Түрікменстан, 23 тамызда – Армения, 24 тамызда – Тәжікстан, 25 қазанда – Қазақстан, ең соңында 15 желтоқсанда Қырғызстан өз егемендіктерін жариялады. Егемендік бұл тәуелсіздік емес. Біздің қоғам осы екі ұғымды жиі шатастырады. Егеменді болу дегеніміз- боданда отырып, мемлекет басқаруда жеңілдетілген еркіндікке ие болу. Қазақстан 1936жылдан 1990жылға дейін КСРО құрамындағы одақтас республика ретінде болды. 1990жылдың 25қазанынан, 1991 жылдың 16 желтоқсанына дейінгі КСРО құрамындағы егеменді одақтас республика болдық. Ал 1991жылы 16 -желтоқсанда толыққанды тәуелсіз мемлекет атандық. Бұл кезеңдердің еліміздің тарихында алар орны ерекше. Қазақстанның КСРО-дан тәуелсіздігін алуының бірден-бір аспектісі оның одақтас республика екендігі еді. Орта Азия елдерінен бұл атаққа алғаш Өзбекстан 1924 жылы, Тәжікстан 1929ж, ал бұл елдерден жері алты есе үлкен Қазақстан тек 1936жылы ғана одақ құрамындағы басқа елдермен иық тіресетіндей одақтас республика статусын алды. Одақтас республика болудың қажеті қаншалықты керек деген сұрақ туындауы мүмкін. Кеңестер одағы тарқағанда онан тек одақтас 15 республика ғана тәуелсіздігін ала алды. Ал сол елдердің құрамындағы автономиялық мемлекеттердің бірде-біреуі тәуелсіздік ала-алмады. Естеріңізге салсам Қазақстан 1936жылға дейін РФСР дің құрамындағы автономиялық республика еді. Құдай оңдап одақтас атандық. Әйтпегенде Ресейдің құрамында одақ тарқаса да Башқұртстан , Татарстан секілді қалып қалауымыз мүмкін еді…

1990жыл! ҚазССР Жоғарғы кеңесі екінші сессиясын 15 қазанда бастатаған болатын. Онда Жоғарғы кеңес төрағасы Ерік Асанбаев декларацияның негізгі жобасы туралы егжей-тегжейлі баяндама жасайды. Ол баяндамалар 17-қазанда «Социалистік Қазақстан « және де « Казахстанская правда» газетінде жарияланған. Соңына дейін жеткен қос жоба 15-16 қазанда қызу талқыға түсіп, 40 депутат жасаған екі жоба бір-біріне үш қайнаса да сорпасы қосылмыйтын, екі жақты жасалған. «Демактариялық Қазақстан» атты парламентік топтың жасаған жобасында «ұлттық мемлекеттілік», «ұлттардың өзін-өзі басқаруы» , «мемлекеттік тіл» секілді дүниелер қамтылмай, «ұлттық мемлекеттілік құқықтық мемлекеттілікке сай келмейді» деген орынсыз тезисті алға тартты. Бір қызығы осы топтық ішінде елге белгілі тұлғаларда болыпты. Олар дайындаған жоба да мемлекеттілік деген сөз алынып, «ҚазССР егемендігі туралы декларация» деген жадағай атпен ұсынылады. Ары тартысып бері тартысып, ақыры мәмілеге келе алмаған депутаттар 16қазанда 25адамнан тұратын комессия құрып, төрағалығына академик, заң ғылымдарының докторы профессор Салық Зиманов сайланады.Орынбасарлыққа Жоғарғы Кеңес төрағасының орынбасары З.Федотова мен Экономикалық реформа, бюджет және қаржы комитеті төрағасының орынбасары М.Оспанов ұсынылады. Комиссия құрамына академиктер Ж.Әбділдин, М.Қозыбаев, С.Сартаев, жазушы Ә.Кекілбаев, Қорғаныс министрі, армия генералы С.Нұрмағамбетов, КГБ генералы, Шығыс шекара округінің қолбасшысы Е.Неверовский т.с.с – жалпы саны 25 депутат кіреді. Ұлты, елді мекені сан-алуан депутаттардан құралған комессия тоқтаусыз он күн бойы жұмыс жасайды. Қызыл кеңірдек болып тартысып, ұсыныстар тек екіш-үш дауыс ерекшелікпен мақұлданды.Салық Зиманов басқарған комессия он күні бойыны еңбектеніп 21қазанда декларацияның жобасын аяқтайды. Басында 15бап, талқылаудан кейін 18ге жеткен. 1990жылы 25 қазанда «ҚазССР егемендігі туралы декларация» Жоғарғы кеңесте депутаттарға дауысты беруге шығарылады. Жоғарғы кеңестің төрағасы экономист-ғалым Ерік Асанбаев еді

Сессия басталысымен сөз кезегі комессия төрағасы, депутат Салық Зимановқа беріледі. Өз баяндамасында декларация құрастыруда Одақтық шарт пен басқа одақтық республикалардың егемендік туралы декларациялары есепке алынған мәлімдейді. Кейбір тұлғалардың теледидар арқылы халыққа Қазақстан «ұлттық» емес « федеративтік» жүйе керек дегенінде жайып салады. С.Зиманов баяндамасынан кейін төраға Ерік Асанбаев депутаттарға алып-қосар ұсыныстар болса ортаға шығуын ұсынады. Талас тартыстың көкесі осы кезеңде басталды. Дау-дамайға түскен мәселелер: Қазақстанның КСРО дан келген уақытта шығып кете алатын құқығы, қазақ халқының мемлекетті құраушы халық статусы, қазақ тілі және де шекара мәселесі еді. Осындай қарусыз майданда алты сағат бойы мінбеде тұрып, декларациға жасалған шабуылдарға заңды әрі сауытты жауап берген Салық Зиманов- жаңа айтқан барлық дерлік баптарды қорғап қалады. Солай 1990 жылы 25- қазанда әрең дегенде «ҚазССР егемендігі туралы декларация қабалданады. Бұл тарихи құжаттың негізінде 1991жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіздік туралы заң қабылданып еліміз тәуелсіздікке қол жеткізді.

Салық Зиманов, Ерік Асанбаев сынды біртуар азаматтар арқасында Қазақстан одақ қирандысының астында қалмай, аман есен тәуелсіздігін алды. Қазіргі бейбіт, еркіндігімііз сол кісілердің себепкерлігінен. Қазақтың ұлттық, тілдік тіпті тәуелсіздігіне нұқсан келтірмек болғандар көбіне, өзге тіл өкілдері болғаны өтірік емес. Арасында өзіміздің қара көз қазағымзда бар. Бірақ басқа тілде сөйлейтін қазақ қазақ емес. Атақты күрескер, өмірін осы кеңестің қызыл үкіметімен күресуге арнаған Мұстафа Шоқайдың: балаға қай тілден білім берсең, өскенде сол ұлтқа қызмет етеді « деп айтуының тегін емес екенін көреміз. Елді ел, халықты халық ететін : жері,тілі,діні, салт-дәстүрі. Осыларды қорғамай, ұлықтап көкке көтермей біздің елдігіміздің көк туы оңынан көтерілмейді. Әрбір қазақ осыны жадында мықтап ұстауға тиісті!

Хамза Берден 

жас журналист

 



Бөлісу: