Ер балаларға арналған пост!

Ер балаларға арналған пост!
жеке
блог

Ер балаларға арналған пост!

Қыздардың кірмегені абзал

Қазақ: «Баланы жастан, әйелді бастан» – дейді. «Әйелді бастан» деген тіркесті сөз естісем, «Біздің ағаларымыз бұл сөзді басынан ұру керек екен деп түсініп жүр» деген қағытпа сөздің қас шебері Қабатовтың астарлы әзілі есіме түсе береді. Содан онсызда нәзік жаратылған әйел затын аяғасын, амалсыз «болашақ жарыңа барыңды қалай түсіндіруге болады» деген формула ойлап таптым.

Жалпы, формула деген сөзді естісек әдетте көз алдымызға математика, физика я химияға қатысты элементтердің елестейтіні шығар күндей шындық. Бірақ көпшілігіңіздің бақтарыңызға орай, менің формулам түрі баршамызға белгілі болғанымен, сырын санаулы жандар ғана ұғатын цифрлардан емес, ханнан қоңыртөбел халыққа дейін ұғынықты қарабайыр сөзден құралған. Ендеше, кеттік!

Математикадағы талай қара терге түсірген «синус»(sinX) пен «косинус»(cosУ) есімізде болар. (Жә, естеріңізге түсіріп, көңіл-күйлеріңізді бұзбай-ақ қояйынJ). Сол көпшілігіңіздің суқандарыңыз сүймейтін белгілерді, мен «Аға» мен «Жеңге» деп алдым. Енді формуланың қолданылуына көшейік.

Мәселенки, жүріп жүрген қызыңызға, Алла қалап отбасын құрғаннан кейін, сіздің рұқсатыңызсыз үйден шыққанын қаламайтындығыңызды қалай түсіндіруге болады. Ендеше, жоғарыдағы «Аға» мен «Жеңге» формуласына салып көрелік. Яғни, қызыңызға төмендегі мәтінде әңгіме қозғайсыз. Үлгі: «Арай, әлгі менің кіші ағамның әйелі бар еді ғой. Сол маған мүлдем ұнамайды. Тәрбие көрмегенге ұқсайды» – дейсіз. (Бірінші ден, диалогты түйеден түскендей етіп емес, ыңғайлы ұсына біліңіз. Екіншіден, түріңізден еш жасандылық байқалмауы шарт. Ең дұрысы ала көлеңкеде айтқан абзал. Себебі, кеш адамға ерекше әсер сыйлайды. Онсызда сезімге масайып отырған сұлуыңыз сіздің жүзіңізге жиі қарай қоймайды) Егер, Қызыңыз сізді шын сүйсе, ол міндетті түрде сізге өзінің қамқор екенін білдіру мақсатында: «Неге, не істеп қойды сонша?» – деген сияқты сұрақтар қояды. (Міне, сәті түскен жерEmbarassed) Сіздің жауабыңыз: «Ағамның рұқсатынсыз үйден шығып кете береді. Ерте келсе жақсы ғой, үнемі кешігіп келеді де, ағам жұмыстан ашқұрсақ келгенде тамақ дайын емес болады. Содан кейін, әр кеш үйде ұрсыс шығадыда жатады. Үнемі осы...» Егер, қызыңызда саусақ ілінер ақыл болса, ол міндетті түрде осы тақырыпты іштей ескеріп отырады. Ол сізге онысын білдірмеуі мүмкін. Ескерту, егер сіздің осы сөздеріңізден кейін, қызыңыздан аяқ-асты «Мен өйтпейтін едім» деген мәтінде сөз естісеңіз, күлкіңізді тұншықтыруға тырысыңыз. Себебі, көңіліне келіп қалуы бек мүмкін.

Дәл осы сықылды тағы бір мысал келтіре кетейін. Мәселенки, тамаққа қатысты айталық. Бірден «Аға» мен «Жеңге» формуласына саламызда, тиісті мәтін құра бастаймыз. Мысалы, «Менің Жеңгем алтын адам ғой, шіркін! Ағам бақыттан басы айналып жүрген болар...» – дейсіз де, аздаған пауза ұстайсыз. Пауза не үшін керек? Біріншіден, сөзіңізге қызыңыздың тыңдай түсуі үшін. Ол кезде мәнсіз әңгімеңіздің өзі маңызға ие болады. Екіншіден, қызыңыздың «Неге?» сияқты сұрағын есту үшін. Сұрақ қойылуы шарт емес. Қойылса, керемет! Келесі сөзіңіде өзіңіздің ең ұнататын тағамдарыңыздың атауларын жіпке тізе бересіз. Арасында, «Сен осылардың қайсысын жақсы жасай аласың?» деген мәтінде құйтырқы сұрақ қойып жіберуге де болады. Ескерту: Құйтырқы сұрақтың көбіне керегі жоқ, ал егер тіліңіз қышып бара жатса «Жеңгеңізді» мақтаған тұстарда ғана қойғаныңыз жақсы. Әйтпеген күнде, қойылған сұрақ қыз көңіліне тиіп кетуі мүмкін.

Формуланы қолданар алдында ЕСКЕРЕтін жайттар: Әр тақырыпқа қатысты әңгіме қозғамас бұрын, айтар сөзіңізді алдын ала жұптап алғаныңыз абзал. Себебі, бұл формула «СӨЗ»-ге құрылғандықтан, ол өте жоғары маңызға ие. Сөзіңіз неқұрлым салмақты болған сайын, формулаңыз өтімдірек болмақ. Екінші ескерту, жүзіңізден күлкінің табы аңғарылмағаны абзал. Аракідік жымиысқа жол беруге боладыJ. Үшінші ескерту, «Аға» мен «Жеңге» ойдан құралған образ! Төртінші ескерту, мысалға келтірілген сөздер қатып қалған қиға емес. Айтар ойыңызға қатысты мәтінді өзіңіз құрыңыз. Сонда, сенімдірек болады. Себебі, адам өзгенің сөзін әдетте жаттанды түрде жеткізеді.

Іске сәт! Тек, 2пит етіп жүрмесеңіздер болғаны)

Пысы: Қолданып көргеннен кейін, міндетті түрде пікір бөліңіздер! Рахмет!