ЕНУ тек биiкте!!!!
блог
Тәуелсіз Мемлекетер Достастығы елдерінің экономикалық кеңесі 2013 жылғы қызмет көрсету және өнім сапасы жөніндегі байқаудың жеңімпаздарын жария етті.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Қызмет көрсету» аталымы бойынша Қазақстан Республикасындағы жоғары сапалы білім беруде 2013 жылғы қызмет көрсету және өнім сапасы жөніндегі табыстары үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы сыйлығының лауреаты атанды.
Жеңімпаздарды Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан, Украина секілді ТМД елдерінің он бір мемлекеті анықтады.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің қызмет көрсету және өнім сапасы жөніндегі сыйлығы байқауы екі жылда бір рет конкурстық негізде өткізіледі, оның ішінен бірнеше мәрте сараптаудан, үздіктер арасындағы сүзгіден өткендер ғана марапатталады. Бұл жолы осындай жоғары марапатқа Еуразия ұлттық университеті ие болып отыр.
ТМД елдері сыйлығы ұйымға мүше мемлекеттердің өндіріс орындары өндіретін өнімдер мен жоғары оқу орындарындағы білім беру сапасын бағалау үшін ұйымдастырылып келеді.
http://baq.kz/kk/news/45002