Энтузиязмды қалай сақтауға болады?

Энтузиязмды қалай сақтауға болады?
жеке
блог

 Алға қойған мақсаттың айқындығы,  жоспарланған іс-әрекеттің ақыл таразысымен өлшенілуі, жұмыстың ұнамдылығы және берілгенділігі, идеяның шабытты және әуесті болуы- адамзат баласын өмір шыңына жетелейтін азды-көпті түсініктердің бірі. Адам өз ісін ұнатуы және ынталы болу керек. Жетістіке тек осылай ғана жетуге болады. Сол себепті мектептегі және университеттегі үлгерім оқушының немесе студенттің қызығушылығының, ынтасының және әуесқойлығының жемісі. Діттеген мақсатыңа жетү үшін қажетті энергияның 30%-ын физикалық энергия, ал қалған 70 %-ын эмоционалдық және интелектуалдық энергия құрайды. Кейбір жағымды сезімдер энтузиязмды көтерсе, ал кейбір толқу, қорқыныш, өшпенділік, қызғаныш, ашу-ыза, мазасыздану, депрессия, жауластық және жиіркеніш сияқты ұнамсыз сезімдер жақсы көңіл-күй мен энтузиязмды әлсіретеді

 Энтузиязмды әлсірететін факторларға не жатады?

1. Кезінде сен бақытты еткен немесе бақытты етуге тырысқан адамдар сен туралы мүлдем ойламайды. Сені ешкім жақсы көрмейтін және елемейтін сияқты сезіледі

2. Жеке өміріңді ұмытып, басқаның өмірінде адасу. Өзіңнің ойсыз, жүйесіз, тек ішкі сезімдеріннен туындаған іс әрекеттеріңмен басқаларды бақытты етуге тырысу. Және осыған орай, оларға жүктелген міндеттердің және олардан күтілетін жауапкершіліктің парқына бармау

3. Өз уақытыңның барлығын дерлік тек жауапты істер мен тапсырмаларды атқаруға жұмсау

4. Қызғаныш пен көреалмаушылық сезіміне бой алдырма, себебі бұлар бүкіл сенің эмоционалдық энергияңды тауысады және депрессияға душар етеді. Әрдайым өзіңді басқалармен салыстыру атаққұмарлыққа және түрлі ренішке ұрындырады

5. Әрдайым өкінішті, депрессиялық және меланхолиялық жағдайда жүру. Үнемі бұдан кейін өзгерту мүмін емес нәрсе үшін өкіну. Әлі орын алмаған жағдайды еріне күту

6. Бітпеген жұмыстар, тапсырмалар және проекттер

7. Орындалмайтын іске уәде беру, қолыңнан келмейтін жұмысты жаупкершілгіңе алу және барлық ұсынысқа "Ия, мен істеймін"-деп энергияңды құр босқа сарп ету.

8. Әрдайым жол болмаушылық энтузиязмды әлсіретеді. Бірінші сәтсіздікдің өзі бір үн. Адам одан өзіне тиісінше сабақ алуы мүмін, бірақ үздіксіз сәтсіздік сабақ алу былай тұрсын, ол адамды үмітсіздікке ұрындырады

Энтузиязмды көтеретін факторларға ше?

1. Өзіңнің шамаңды білу және өзіңе уақыт бөлу. Бүкіл күшіңді қайтып ештеңе күтпейтіндей деңгейде жұмсау. Сізді ренжітпейтін және көңіл-күйіңді түсірмейтін достар табу

2. Өзіңнің ішкі жан дүниеңді (ар-ұждан, рух, ұмыт қалған қалау) тыңдауға уақыт бөлу

3. Жауапкершілікті талап ететін іс-әрекеттер арасында сізді қуантатын және демалдыратын нәрселерді ұмытпау

4. Адамзат әрқашанда өзінен әлеқайда қиын жағдайдағы адамдар бар екенін әсте естен шығармау керек. Қолда бармен өмір сүрү керек және барға қанағат ету керек

5. Қоғам ішінде өмір сүру. топпен және командамен жұмысты бірігіп жасау- жайсыздық пен депрессияға қарсы таптырмас ем. Бір жағынан енді өзгерте алмайтын нәрсе үшін өз-өзіңді көндіру және букіл ойыңды және сабырыңды тек қазіргі уақытқа бұру

6. Есте сақтаңыздар, егер айтарлықтай уақыт өтіп, бірақ істелуі керек жұмысқа жетерліктей уақыт бөле алмасаңыз, сіз жәй ғана ол жұмысты істегіңіз келмейді! Сондықтан ол жұмысты ойыңыздан мүлдем шығарып тастаңыз

7. Біріншіден өзіңіздің қателігіңізді мойындаңыз, керек болса жылаңыз, бірақ қорытынды шығарыңыз. Жеңілдеген кезде айналаңыздағы білетін адамдармен ақылдасыңыз, өмірге қайтып келіңіз және қолдан келгеннің бәрін жасаңыз.