Еңсесі биік орда

ЕҢСЕСІ БИІК ОРДА
Қазақстан бүгінгі таңда сапалы білімімен көзге түскен елдердің бірі болып табылады. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев білімге көп көңіл бөлуде. Біз оны салынып жатқан әлемдік стандартқа сай түрлі мектептер мен жоғарғы оқу орындарынан байқаймыз. Сондай университеттердің бірі Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті. ҚазҰУ әлемнің ең үздік 300 университеттерінің қатарында. Ғылыми зерттеулер мен әдістемелерді жүргізуде жоғары деңгейдегі технологияларды пайдаланатын, оны қоғамда және экономикада ұтымды жүзеге асыратын алдыңғы қатарлы заманауи ЖОО болып табылады.

Осындай талай түлектің арманына айналған оқу орны ҚазҰУ-тінде оқу мүмкіндігі маған да бұйырды. Шынында да, арман боларлықтай атына заты сай қалашық менің жүрегімді бірден жаулап алды. Өз білім, біліктілігі мен дарынына сенетін интеллектуалды, ізденімпаз жастардың ордасы екені көзге көрініп-ақ тұр.

Қазіргі кезде университетте 13 факультет қызмет атқарады. Әрқайсысында жоғарғы дәрежедегі мамандандырылған оқытушылар мен профессорлер білім беруде. Әр факультеттің өзіндік орны мен тарихы бар, бірі екіншісінің орнын баса алмайды және факультеттердің түлеп шыққан түлектері еліміздің әр саласында, шетелдерде қайталанбас маман иелері болып қызмет атқарады. Сонымен қатар негізгі факультеттерден басқа дайындық факультетінде әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған шетел азаматтары мемлекеттік тіліміз қазақ тілін үйрену үстінде. Олардың араларында ауған азаматтары, қытайлар, корейлер, түріктер және шетелдерде тұратын өзіміздің қандас бауырларымыз, яғни қазақтар да бар. Осының есебінен біз студенттер шетел азаматтарымен танысып, басқа елдердің мәдениетін танып біліп, оларға өзіміздің елімізді танытамыз. Бұл жайт ҚазҰУ-нің керемет мүмкіндіктерінің бірі болып есептеледі. Университет ректоры Ғалымқайыр Мұтанұлының бастамасымен жүзеге асып келе жатқан рухани құндылыққа жетелер <<Айналаңды нұрландыр!>>, білім танымын арттыратын <<ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап >>, жобалары жастар шығармашылығын шыңдап, студенттердің өзіндік көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді.


Университеттің студенттік өмірі жайлы айтатын сөз де аз емес. ҚазҰУ қабырғасында әртүрлі ұйымдар жұмыс істейді. Мысалы: «Студенттер сенаты», «Сұңқар» ұйымы, «Көмек» ұйымы т.б.. Бұл ұйымдардың әрқайсысының өзіндік жұмысы мен қызметі бар. Ұйымдар студенттер үшін оқудан тыс қоғамдық өмірге белсене араласуына ықпал тигізеді. ҚазҰУ қаншама заманның дүлдері мен бұлбұлдарының, мықтылары мен таланттардың қанаттарын қатайтқан еңсесі биік орда!

ҚазҰУ – талантты, дарынды студенттердің басын біріктіріп отырған мекен. Сыйластық пен шынайы достықтың мекені, ҚазҰУ – адамның тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, тұлғаның жан-жақты қабілетін ашып көрсетуіне мүмкіндік беретін мекен. Сол себепті де, мен өзімнің ҚазҰУ-да жүргендігімді өмірімдегі ең үлкен сәттілік деп санаймын.

Жетекшісі: Оспанова Г. Т.
Филология және әлем тілдері факультетінің 1 курс студенті
Жылқайдар Сымбат Асылбекқызы

 

 



Бөлісу: