Еңсесі биік егемен елміз
блог
«Қазақ халқы сан ғасырлыр бойы өзінің егемендігі мен тәуелсіздігі үшін күресіп келді. Өзінің ең жақсы қасиеттерінің бірі – қатер төнген сәтте бірігіп, ұйымдаса білуінің, сондай-ақ басқа халықтармен бейбітшілік, келісім мен тату тіршілік жағдайында тұруға деген ынта-ықыласының арқасында ол тарих тасқынының астында қалып қоймай, өзінің мемлекеттігін қалпына келтіре алды» - деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, ата-бабамыздың ежелден келе жатқан арманы – тәуелсіздікке халқымыздың бостандыққа деген ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында қол жеткіздік.
Кең даладан, бос даладан не пайда,
Кең далада бостандығың болмаса, - деп Қадыр ақынның бостандықты жырлауы ата-бабамыздың аңсаған асыл арманы – азаттыққа үн қосып, аға ұрпақтың жас ұрпаққа артқан сенімі еді. Сол сенімді бойында патриоттық сезімі алаулаған, «елім», «жерім», «қазағым» деген бодандық құрсауын бұзуға ұмтылған қара қазақтың қайсар ұл-қыздары асқан ерлікпен ақтап, қарсы келген жауының қаһарын қайтарды. Осындай өжет те батыл, ержүрек ұл-қыздарымыздың арқасында қазақ халқының басына күн шуағын шашқандай бейбіт, жарқын туды. Ол күн, әрине, 16 желтоқсан .
1991 жыл – еліміздің бейбіт, тату өмірге деген ең алғаш қадам басқан жылы. Сол сәттен бері, міне, азаттық әні әуелеп, тұғырымызда тәуелсіздіктің туы желбірегеніне 22 жыл. Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі аз уақыт ішінде елеулі табыстарға қол жеткіздік. Қазіргі таңда Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Егемен Қазақстанды бүгінде бүкіл әлем танып отыр. Аз уақыттың ішінде еліміз бізден бұрын тәуелсіздігін алып, дамыған елдермен терезесі теңеле түсіп келеді. Қазақ елі Тәуелсіздік алғаннан бері қуатты мемлекет ретінде қалыптасып, әлемнің дамыған, алдыңғы қатарлы еліне айналу жолында биік белестерді бағындырып, өзінің дамыған ел екендігін дәлелдей түсуде. Осы 22 жыл ішінде экономикалық, әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс-шаралардың өтуіне ұйытқы бола білдік.
ЕҚЫҰ-ның саммиті, Дүниежүзілік экономикалық форум, Инвестициялық форумы еліміздің беделін одан әрі асқақтатты. Осы орайда осындай игі істердің жалғасы ретінде еліміз 166 жылдық тарихы бар дүниежүзілік « EXPO-2017» көрмесін өткізу құқығына ие болды. Бұл, әрине, еліміз үшін үлкен дәреже EXPO сияқты халықаралық көрмелерге қатысу еліміздің даңқын дүниежүзіне паш етуге берілген тамаша мүмкіндік десек те болады Астананы жоғарғы дәрежелі деңгейдегі көрмені өткізуге лайық деп 103 мемлекеттің дауыс беруі Қазақстанға артылған сенім, елеміздің 22 жылда жеткен жетістіктеріне берілген баға. Осы орайда, осындай керемет идеялардың бастамаларын жастар қолдап, ары қарай өркендеуіне өз үлестерін қосулары керек.
«Тәуелсіздіктің біздің бәрімізге артар сенімі мол. Енді еңселі ел болудың жолына шындап түсуіміз керек. Әлеуетіміздің асуы да, дәулетіміздің тасуы да бүгінгі жастарымыздың қолында» - деп Елбасымыз айтқандай, бүгінде жастарға артар сенім мол. Сол сенімді біз, жастар, ақтауымыз қажет. Себебі, Қазақстанның болашағы – жастардың қолында!
Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Журналистика факультетінің
1 курс студенті
Жұмағали Аида