Еңселі Білім Ордасы

Еңселі Білім Ордасы
жеке
блог

          Биылғы жылы 1150 жыл толып отырған Шығыстың Ұлы ғұлама ғалымы Әбу Насыр Әл Фараби атындағы Еліміздің Еңселі білім Ордасы Қазақ Ұлттық Университетінде 4 жыл білім алып оқуымды бітірлгелі отырмын.

         Ой жіберіп қарасам, менің алтын ұяма айналған оқу орнынан үйренгенім мен алғаным өте көп екен.

          Оқуға түскен жылы «Құқықтық тәртіп сақтау» ұйымына мүше болып қабылдандым. Бұл ұйымның құрамында бола жүріп, мен көптеген достар тауып, түрлі іс-шараларға қатысып, қызықты кезеңдерді бастан кешірдік.

          «ҚазҰУ тарланы» іс-шарасын ұйымдастырылуына ат салыстық. «Үздік ұйым», тағы басқадай іс-шараларға ұйым атынан қатыстық. Сонымен бірге, оқу орнында «Сұңқар», «Алтын сапа», «СББП», «Студенттер кеңесі» ұйымдары жұмыс істейді. Бұл ұйымдардың қай-қайсысы болмасын арман қуып, білім іздеп келген жастарға дұрыс жол көрсетіп, олардың шыңдалуына, өмірден өз орнын тауып, өмірге белсене араласуына үлкен ықпалын тигізіп келеді.

          Жоғары білікті мамандар дайныдайтын оқу орнында кез-келген кафедра оқытушыларының ерен еңбектері, студенттерге деген жанашырлықтары жастардың білімге деген құлшыныстарын арттырды. Әсіресе, эдвайзер-оқытушылар студентке қажет ақпараттар беріп, қиындық туындаған кезде қолдау көрсетіп отырады.

          Сонымен қатар, 1993 жылдан өзін-өзі басқаратын автономиялы мемлекеттік ұлттық жоғарғы оқу орны мәртебесіне ие болған университетте кітапхана, компьютер клубы, “Univer” жүйесінің студенттерге тиімді қосымшасы, «Керемет» студенттер орталығы, «Қазақ университеті» баспасы мен газеті, «Сана» телерадио студиясы жұмыс жасайды. Бұл студент жастардың тек білім алып қана қоймай, жан-жақты шығармашылықпен айналысып, өзіндік дүниетанымын, рухани байлығын артыруға мүмкіндік береді.

          Университет қай жағынан алып қарамасаң да кез-келген арман қуған жас түлекке болашағын ұштастыруға таптырмас мекен.  Олау деуімнің себебі, ең бірінші - білімі. Білім әр кезде, әр жерде маңызды. Ал ҚазҰУ білім алам деушілерге бар жағдайды жасап қойған. Екіншіден - таптырмас, керемет орта, жан-жақтан арман қуалап келген, өздеріндей студетнттердің Отаны. Үшіншіден - табиғаты да, орналасқан орны да керемет, студентке керектінің бәрі де кішігірім қалашықта табылады. 

          Айта берсең, жыр болып кетер. Қорыта келгенде, керемет 4 жыл сыйлаған Қазақ Ұлттық Университетіне алғысым шексіз және дәл осы университетке бұйырып, оқуға түскеніме ризамын. 


 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, филология және әлем тілдері факультеті, жалпы тіл білімі және Еуропа тілдері кафедрасының доценті, педагогикалық тәжірибе жетекшісі:                Медетбекова П.Т.


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, филология және әлем тілдері факультеті, "Шетел тілі: екі шетел тілі" мамандығының 4-курс студенті:                                                                                         Байқожа А.Б.