Еңлік-Кебек

ЕҢЛІК-КЕБЕК

Ақшоқы басында Енлік пен Кебектiң аз уақыт көрген қызығының белгiсi болған алты айлық ұлы ұзақ күнге жылап жатқан. Еңлiк пен Кебектi өлтiргендер баланы әдейі тастап кеткен. Ақыры сол қанды күннің кешінде бейуақытта жас нәрестенiң де шырқыраған даусы мүлдем өшті. Қараңғы өмiрдiң, қараңғы түнiне сiңiп, нәресте де дүниеден көшкенiн ұрпақтан-ұрпақ касiретпен еске алады.

Мағауия өзiнiң "Еңлік-Кебек” атты поэмасында сол кездегі өмір шындығын бұлжытпай суреттеп берді:

Балаға ешбір пенде карамапты,

Наймандар неткен жандар дiнi катты.

Шеткі Ақшоқы басында бесігімен

Деседі бір күн бойы жылап жатты.

Еңлiк пен Кебектің қайғылы өлімінен соң жүз жылдан кейін, мына Кіші Ақшоқыдағы Абайдың өзі салған қыстауында қазақ даласында тұңғыш рет орыстың ұлы ақыны А. С. Пушкин шығармалары қазақшаға аударылды. Орыс халқының энциклопедиясы атанган "Евгений Онегиндi" Абай аударды да, орыс кызы Татьяна алғаш рет қазақ топырағын басып, сахара ауасымен тыныстай бастады.

Осы Ақшоқы бауырында Абай Қаламқасын, Пушкин Татьянасын жетектеп, халық алдына шықты да табысты. Абай Татьянаға қазақша ән үйретті. Содан күні бүгінге дейiн бiз Татьяна әнін шырқаймыз. Қыс күнінде Абайдың Кіші Ақшоқыдағы үйінде қонаққа кеп ат тұмсығын тiреген Пушкин Татьянасының тарихын сiз "Абай жолы" романынан оқыдыңыз.

Кәмен Оразалин

«Абай ауылына саяхат»  (Ұлы ақынның 150 жылдығына арналады), Алматы «Жалын» 1994ж, 131-132 беттер

 



Бөлісу: