Енді маған бәрібір...

Енді маған бәрібір...
жеке
блог

Енді маған бәрібір:
Сүймегенің, сүйгенің...
Кеудемдегі сары гүл,
Қурап қалған күйдемін.

Бұрынғыдай елеңдеп,
Сағынбаймын, расым.
Көз алдымда көлбеңдеп,
Көбелек боп тұрасың.

..Жүруші едік жарасып,
Құшағына ап қара түн.
Отпантаудан әрі асып,
Отқа оранды-ау қанатың.

Кейпіңді енді таныдым:
Тұрақсыздық кеселі.
Сені сүйген жаным мұң,
Маңдай сорым бес елі!

Алып-ұшқан сезімнің,
Аңсатарын кім білген?
Қарашығында көзіңнің,
Күлге айналған гүлмін мен...