Енді біздер екі бөлек жандармыз

Бүгін үйде отырып ескі күндерді ойладым. Мүмкін сағынған болармын. Суреттерді ақтара отырып, бала күнгі құрбыларыммен өткен қызықты күндер көз алдыма келді. Біраз күлдім, артынша жас та үйірілді көзге. Өткен күндер...Естеліктер...Осыдан үш жыл бұрын құрбым екеуміздің жолымыз екіге айырылғанда жасқа малына отырып жазған өлеңім бар еді. Өлең деуге келмес, бірақ жүректен шыққан еді. Соны көңіл-күйге байланысты жарияласам ба деп отырған жайым бар.

Енді біздер екі бөлек жандармыз

Біріміз ай, біріміз күн болғанбыз

 

Егіз қозыдай жүруші едік айрылмай

Енді міне жалғыз жарты қалғанбыз

 

Неге бұлай болды екен құрбым-ау?

Әлде тағдыр осындайды жаздыма-ау?

Мені сенен, сені менен айырып

Басқа жолға, басқа ортаға қостымау-ау?

 

Екеуміздің ойымыз да бір еді

Жанымыз бен арманымыз игі еді

 

Жүруші едік биіктерді армандап

Жаным, құрбым, сол күндерім қайда енді?

 

Ал енді сен мүлде басқа адамсың,

Ойың да жат, ортаң да жат қоғамсың.

Басқа жолға қадам басып, бұрылып

Өзге әлемнің бөтен қызы болғансың.

 

Айрылысып кетсек те біз әр жаққа

Мен өзіңді қимаймын жамандыққа

 

Қайда барсаң да «аман бол» деп құрбым

Тілеуіңді тілеймін мен әрқашан.

                                   Гүлжан Серік



Бөлісу: