Енді бізді Еуропа мен Түркия қазақтары оқиды

Енді бізді Еуропа мен Түркия қазақтары оқиды
жеке
блог

Бұған себеп, Массагеттің латын мен кирилл қарпінде тең көріне бастауы. Латын қарпі туралы да, латынға көшу туралы да үлкен талас-тартыстардың жүріп жатқаны белгілі.

«Тіркелу» мен «Кіру» бөлімдерінің жанында тұрған өзгерісті өздеріңіз де көріп, сүйікті Массагеттеріңіздегі өзгеріске қуанып жатқан боларсыздар. Осыдан бір-екі апта бұрын өткен Еуропа қазақтарының құрылтайында ол жақтағы бауырларымыз Қазақ еліндегі ақпаратты тек латын қосымшасы бар сайттардан оқитындығын жеткізген еді. Міне, енді біздің Еуропа мен Түркиядағы бауырларымыз оқи алады. Сәбидің қылығы шыққан сәтіндегі әрбір күлкісі мен былдыры, тәй-тәй басқан бір-екі қадамы оның анасы мен әкесін шексіз қуаныш пен бақытқа бөлейтіні сияқты жұмыс бастаған уақыттан бастап мыңдап, он мыңдап жазбалар ұсынып, қазақ жастарының сүйікті порталына айналған Массагеттің де әр өзгерісіне қуанулымыз!

Бізден жаңалық күтіңіздер! Тыңға түрен салған идеялар мен соны ойлар алаңын бірге жасайық!