ЕНДІ...

ЕНДІ...
жеке
блог
Енді Көктем сені күту бекерлік, 
(Біз қаншама күнәларды көтердік). 
Қарашадан қалған қайғы,сенсеңіз, 
Онсыздағы бір ғұмырға жетерлік. 


Рауандап атқанымен қанша таң, 
Жүрегіме өткен түнді аңсатам. 
Тағдыр әбден мүжіп біткен миымды, 
Мен онсызда сені ойлаумен шаршатам. 


Ләйлі ғұмыр,сен ең маған жетпеген?! 
Не шығарам Тағдырға артқан өкпеден. 
Момақан жел үнсіз келіп сүртеді, 
Бетімдегі жасты әлі кеппеген. 


Арлы жүрек аттай алмай белесті, 
Кейде өксік өртесе егер өңешті.
Сен деп өмір сүрмесем де түндерге- 
сен деп өлең жазған сәттер себепші. 


Не болса да тағдырымнан бұйырған, 
Нотасы жоқ бір әуезді күй ұғам. 
Сары уыз Ай,сен ғана едің мені ұғар,
Қара түннің кеудесіне ұйыған.. 
Қайдасың???