Еңбектің ақталар күні

Еңбектің ақталар уақыты
Адамға өмір бір рет беріледі.Өмірде де әрбір мүмкіндіктің бір рет қана берілетін кездері
болады.Қазіргі жасөспірім ретінде менің бір мүмкіндігім ойымнан күндіз-түні кетпейтін ҰБТ, Жоғары оқу орны,Грант..Әрбір бітіруші түлектің санасын жаулап алған бұл нәрселер болашағымыздың қоғамдағы,өміріміздегі бастауы болып табылады.Осы асуды 11 жылдық еңбегімізбен бағындыру алдымыздағы басты міндет.Әрине,ҰБТ түбегейлі өміріңді шешпейді ғой деп немғұрайлы қарайтын жандар да кездеседі.Дегенмен он бір жылдық еңбек,он бір жыл аясында мақсатың,арман тілегің,ата-анаңның артқан үміті, білім жолында алған жетістіктерің ,нақты таңдап қалаған мамандығың түптеп келгенде осы ҰБТ арқылы шешіліп,он бір жылды сәтті аяқтағыныңның нүктесі болып табылады.
Өз басым ҰБТ-ны әлі тапсырмадым.Бірақ алда не күтіп тұрғанын білуге ынтық болады екенсің.Алдыңда тапсырып кеткен түлектердің жағдайын басыңнан өткермесең де , ҰБТ ның қызықты,қиын жағдайлары көз алдыңда болып жатады.Шпоргалкасын киімінің қуыс-қуысына тығып,дайындығын пысықтау үшін әр кітаптың бетін бір ашқан түлектер таңын уайыммен атырады.Ал ертесі ҰБТ.Сол кезде ''мен қалай тапсырады екенмін?''деген ой санаңа сап етеді.Күмәнсіз.Аға буын мен ұстаздардың айтуынша ҰБТ бап пен бақтың қатар шапқан уақыты болып табылады екен.Жалпы өмірде тосын жайлар көп болады ғой.Ұбт-ға дайындалмай уақытын құры өткізетіндер ҰБТ дан жоғары балл алыпты десе қайран қаласың.Сол адамның жол берсін деп қоясың арасында.Бұл - бақтың шапқаны деп түсінер едім .Жасыратыны жоқ Ұбт тек кітаптан бас алудан басқа түрлі айла әрекетті де талап етеді.Әрине , қулықты асырып үйрену керек екен деп дайындықсыз кету - үлкен қателік.Кім біледі?дәл сол күні қандай оқиғаға тап боларың бір Құдайға ғана аян.
Ал,бақ пен бапты қоя тұрып дайындық жайын айта кетсек.Дайындық-еңбек.Еңбек-
нәтиже .Нәтиже -140! Бұл дайындыққа байланысты.11 сыныпқа келіп Ұбт-ны сезініп жатқан жайың бар.Жылдың басынан ба?жоқ әрине .Бұл өтірік емес қой .Ойнадың, күлдің алыстың. Мектеп қызығына батқаның соншалықты,ҰБТ-ны қазіргі сәттегібей уайымдамадың да.Қаңтар айынан бастап ҰБТ-ның ащы дәмін сезе бастайсың.Не істеймін?Уақыт аз деп тыпыршисың.5 ай..5-сыныпта бетін анда санда ашып қоятын кітаптарыңды қопарасың,басың қатырғысы келмейтін есептерді шығарып кетесің.Қосымша.Бұрын киім , анау-мынау зат алатын ақшаңды біліміңе ,дайындығыңа жұмсайсың.Жан-жағыңнан қысым түседі.Байқау сынақтарына көңілің толмауы да мүмкін.Бар күш жігеріңді барынша жоғары баллға жұмсайсың. Бұл бес ай бірнеше мұғалім мен кісілердің пікірі бойынша үзбей-талмай дайындалған дайындығыңның 100%-дық нәтижесін шығарып береді екен.Жас түлек,ойлашы саған кеш емес бес айда 151 күн 3624 сағат 217440 минут 13046400 секунд бар .Жарайды, бір айың артта қалды.Осы уақытты тәулігіне 8 сағат дайындалып, ойыңды басқа нәрсеге бөлмесең нәтиже жақсы болары сөзсіз. Оқу сауаттылығы мен математикалық сауаттылық тікелей логикаңа байланысты.Таңдау пәндері аздап қиындық туғызады.Бірақ мойыма.Б.Жұбанышовтан тариx пәні бойынша күніне 40-50 сұрақ жаттауға тырыс.Сонымен қатар шпор дейтін қулықтарды да ойластыруға тырыс.ҰБТ кезінде қобалжып, немесе айды аспаннан тудыратын сұрақтар кездесіп жатады ғой .
Жас түлек.Мен де сендердің қатарластарыңмын.Сәттілік серігіміз болып дайындық натижесі 140 балл болсын.Былтырғы ҰБТ-дан жоғары балл алып,гантқа түскен түлектерден еш жеріміз кем емес . Тек алға.Қобалжу мен қорқынышты артқа
қалдырайық .Тек 140!!!



Бөлісу: