Біздің үйде той! Бір емес екі бірдей жақсы көретін жандарымның мерекесі. Менің отбасым қаржыгерлердің мекені, анамның жолын қуған ағам да осы салада.Тек ақ қарға болып жүрген жалғыз мен ғой (оған өкінбеймін арманыма қол созып, қалаған мамандығыма оқып жүргеніме бақыттымын). Бірақ математиканы жаным сүйеді. Кішкене кезімде витамин «Ш-ға» әбден тойып, оқу жайлы естігенде жылағым келетін. 4 жылдан астам Қызылшілік деген ауылда өстім. Сонда анамның бір талабы: сабақ оқысаң, сарқыт әкелемін. Маған осы жеткілікті еді. Қолыма кәмпитті алған кезде, менен асқан бақытты бала болмайтын. Бүгінгі күннің балалары түсінбес, еңбектеніп тапқан «кәмпитім» демес))
Ақшаң болса қалтаңда, қызық-думан қасыңда, бірақ құмарлыққа салынбай ақша қолдың кірі екенін ескерген жөн. Ол кейде бар, кейде жоқ. Егер туысқандарыңыз қаржылық бөлімде жұмыс істесе, оларды міндетті түрде құттықтаңыз. Сізге жақын адамдарыңыз бір марқайып мәз болып қалсын!^^